Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамды өсірмейтін дерт

Қоғамды өсірмейтін дерт

Біз бүгінде өркениетті еліміздің дамуына тұсау, кемелденуіне кедергі келтірер қоғамдық дертке айналған сыбайлас жемқорлықпен күресудеміз. Сыбайлас жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін түсіреді, оған тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады. Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарық таныстырылады, себебі сыбайлас жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді. Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті.
Жемқорлық – іштен шалатын, елді дамытпайтын, қоғамды өсірмейтін дерт. Мұндай кемшіліктен дамыған елдердің өзі сақтандырылмаған. Содан болар, көптеген елдерде кеселге қарсы тұрудың, жемқорлықтың себеп-салдарын анықтап, оның алдын алудың жолдары барынша тиімді қарастырылған. «Сыбайлас жемқорлық – індет, оған қарсы күрес – міндет» деп айтып жүрміз. Ендеше, оның шипасы – халық арасында ағарту, насихат жұмыстарын тереңінен жүргізу. Байлықты басты құндылық деп адасып жүрген азаматтарымыздың түсінігіне төңкеріс жасау. Яғни, оның сана-сезімін, сенімін, ішкі жан дүниесінің тазаруына ықпал етіп, жүрегіне иман ұялату. Біздің қоғам ақниетті, адал, намысы биік азаматтарды қажет етеді. Осы тұста, соңымыздан ерген ұрпақ тәрбиесін де ұмыт қалдырмауымыз қажет.
Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі – парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуы тиіс. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. «Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние-байлық неге керек, денсаулығың болмаса, төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шынында да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.

Ә.АЛДАБЕРГЕНОВ,
Шиелі кенті әкімдігінің бас маманы.
06 маусым 2018 ж. 1 089 0