Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ТЫНЫСЫН КАДРМЕН СӨЙЛЕТКЕН ЖАС

АУДАН ТЫНЫСЫН КАДРМЕН СӨЙЛЕТКЕН ЖАС

Бүгінгі ақпарат дәуірінде жаңалықты жеткізудің жолы да, формасы да өзгерді. Кеше ғана газет бетіне жазылып, телеарнадан көрсетілетін ақпарат бүгінде әлеуметтік желі арқылы санаулы секундта мыңдаған оқырманға жетеді. Ал сол ақпараттың көпшілікке әсерлі әрі мазмұнды жетуінде бейнематериалдың орны ерекше.
Ауданда өтетін әрбір маңызды шараның өзіндік тарихы бар. Ал сол тарихты таспаға түсіріп, көпшілікке жеткізетін жандардың еңбегі көбіне кадр сыртында қалады. Солардың бірі – ауданның тыныс-тіршілігін, елдегі өзгерістер мен ауданның даму қарқынын әлеуметтік желі оқырмандарына жедел әрі сапалы жеткізіп жүрген, қолындағы телефонын жай ғана байланыс құралы емес, ауданның тыныс-тіршілігін көрсететін шағын камераға айналдырған жастардың бірі Бағдаулет Маликов. Ол – аудандық қоғамдық даму бөлімінің мобилографы.
Бағдаулет аудан әкімінің күнделікті жұмыс барысын, ел игілігі жолындағы атқарылып жатқан ауқымды істерді, түрлі кездесу мен маңызды шараны қолындағы телефонымен бейнетаспаға түсіріп, әрбір сәтті көрерменге әсерлі жеткізетін өз ісінің кәсіби маманы. Бір қарағанда қарапайым көрінген оқиғаның өзін бейне арқылы сөйлетіп, ауданның бүгінгі тынысын көпшілікке танытып жүр.
Бағдаулеттің жұмысы сырт көзге оңай көрінуі мүмкін. Телефонды қолға алып, түсіріп, әлеуметтік желіге жариялай салу сияқты. Бірақ кәсіби мобилографияның өз талабы бар. Бағдаулет осы бағытта өзіне тән қолтаңбасын қалыптастырып келеді. Аудан әкімінің жұмыс сапарлары, халықпен кездесулері, түрлі әлеуметтік-мәдени іс-шара, ел игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыс оның телефонының камерасына түсіп, әлеуметтік желі оқырмандарына жол тартады.
Бағдаулеттің шығармашылық ізденісінің нәтижесін көрсеткен айтулы жұмыстардың бірі жылдың басында Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтай барысында түсірілген бейнематериалдары. Ол дайындаған бейнематериалдардың Қазақстан Ұлттық телерадио кешеніне ұсынылып, көпшіліктің көңілінен шығуы жас маманның еңбегіне берілген үлкен баға. Аудан көлемінде түсірілген бейненің республикалық деңгейдегі ақпарат кеңістігіне ұсынылуы – жергілікті жас мамандардың да өз кәсібін жоғары деңгейде меңгеруге қабілетті екенін көрсетеді.
Бағдаулет осы міндетті аудан көлемінде атқарып жүрген жас мамандардың бірі. Қолында – телефон. Көзінде – идея. ­Кадрында – ауданның тынысы. Ал мақсаты – әр сәтті тарихқа айналдыру. Жастардың жаңа мамандықтарды меңгеріп, заман талабына сай еңбек етіп жүргені – қуанышты құбылыс. Өйткені бүгінгі мобилораф түсірген бір кадр – ертеңгі күннің естелігі болуы мүмкін.
12 тамыз Халықаралық жастар күніне орай Бағдаулетке шығармашылық шабыт тілей отырып, кадрдың ар жағындағы еңбегіне табандылық, мол жігер, күш-қайрат тілейміз.

АЙНҰР НАЗАРОВА
15 тамыз 2026 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9428).

15 тамыз 2026 ж.

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31