ҚҰМДА БАСТАЛҒАН ІЗ, 20 ЖЫЛДА БОЛДЫ ҚҰНДЫ ІС
Сары даланың төсін көкжиекпен жалғаған ұлан-ғайыр жазыққа көз салсаңыз, табиғаттың мінезін бірден аңғарасыз. Айнала – маңдайды күйдірер аптап, кейде ақ түтек бораны соғатын қуаң дала. Құм көшіп, жел ескен, көкорайы сирек осынау кеңістікте тіршілік орнату оңай емес. Мұнда табиғат адамға дайын дүниені ұсына қоймайды. Бар нәрсе еңбекпен келеді.Кезінде құм мен қуаңшылықтан өзге көзге ілінер белгісі болмаған иен далада бүгінде өндірістің үні естіледі. Қарапайым ғана жұмыс орны емес, жүздеген адамның несібесіне айналған, кәсіби мамандардың мектебі қалыптасқан, әлеуметтік жауапкершілікті қатар алып келе жатқан іргелі өндіріс орны бой көтерген. Бұл – Шиелі ауданынан шамамен 30 шақырым жердегі «Семізбай-U» ЖШС.
Жиырма жыл бұрын мұнда алғашқы құрылыс жұмыстары басталғанда, бүгінгі көріністі көзге елестету қиын еді. Қазір өндірістік нысандар мен технологиялық қондырғылардың арасында жайқалған жасыл желек көз тартады. Құмды даланың ортасында бой түзеген ағаштар өндірістің ғана емес, адамның табиғатқа деген ықыласының да белгісіндей. Жергілікті жұрт бұл мекенді бекерден-бекер «құм арасындағы оазис» деп атамайды. Ал сол оазистің тарихы – жиырма жылдық тынымсыз еңбектің, табандылықтың, кәсіби біліктіліктің және елге деген адал қызметтің тарихы.
Биыл «Семізбай-U» ЖШС-нің құрылғанына 20 жыл толып отыр. «Семізбай-U» ЖШС – еліміздің екі өңірінде орналасқан қос кенішті біріктіріп отырған іргелі кәсіпорын. Оның бірі – Ақмола облысындағы Семізбай кеніші болса, екіншісі – Сыр өңірінің өндірістік әлеуетін арттырып отырған Шиелідегі кеніш.
Жиырма жыл – тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, адам еңбегі үшін өлшеусіз уақыт. Осы жылдар ішінде кеніш талай белесті артқа тастап, өндірістік қуатын қалыптастырды, білікті мамандардың мектебіне айналды, ел экономикасына үлесін қосып, туған өлкенің әлеуметтік өміріне де белсене араласты.
ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛҒАН КҮН
Аталған кеніштің іргесі 2006 жылы қаланды. Сол жылы үлкен құрылыс жұмыстары басталып, өндіріс орнының қазығы қағылды. Келесі жылдан бастап кеніш өз жұмысын нақты жолға қойып, 2007 жылдың қазан айында алғашқы өнімін бере бастады. Сол алғашқы жылдардың куәсі болған қазіргі директор Мұқанбетжан Салқынбаев.

– Біз ең бірінші осы жерге 2007 жылы келдік. Сол кезде құрылыс жүріп жатты. Бұл жердің бәрі айдала болатын, зауыттар салынып жатты. Сол жылы жұмысты бастадық. 2007 жылдың сәуір айында бірінші ұңғыманы қабылдағанбыз. Ал қазан айында алғашқы өнімімізді бере бастадық. Алғашқы жылдары межеміз 50 тонна болатын. Кейін ең жоғарғы межеміз 700 тоннаға жетті. Мен осы жерге 2007 жылы алғашқы мамандардың бірі болып келдім, – дейді кеніш басшысы сол бір кезеңді еске алып.
Ол кезде мұнда бүгінгідей қалыптасқан өндірістік инфрақұрылым да, жайқалған жасыл желек те жоқ еді. Бар болғаны – кең дала, құрылыс алаңдары және болашаққа деген сенім. Сол сенім уақыт өте нақты нәтижеге айналды. Кеніштің алғашқы қалыптасу кезеңінде Шиелі ауданының байырғы әкімі, ауданның құрметті азаматы Әшім Оразбекұлының еңбегі айрықша болды. Кәсіпорынның аяғынан тік тұрып, қалыптасуына басшылық жасап қана қоймай, айналаны көгалдандыру ісін де алғашқылардың бірі болып қолға алды. Құмды даланың арасынан көшет отырғызып, жасыл желек қалыптастыруды дәстүрге айналдырды. Бүгінде сол игі бастама жалғасын тауып келеді. Тіпті оны жергілікті жұрт «құм арасындағы оазис» деп бағалайды. Өйткені айналаға жан бітіріп, табиғатпен үндестіре білу – өндірістің мәдениеті мен жауапкершілігінің де бір көрінісі.
ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРГЕН
Кеніш тарихы адамдар тарихымен астасып жатыр. Өндіріс орнын тұрғызатын да, оның қуатын арттыратын да – адам. Осы тұрғыдан алғанда Мұқанбетжан Салқынбаевтың еңбек жолы да мекеменің қалыптасу тарихымен сабақтас. Ол еңбек жолын 1993 жылдың қазан айында Шиелі ауданындағы Қазатомөнеркәсіп Ұлттық атом компаниясына қарасты «№6 кен басқармасы» филиалының №1 жер асты сілтілендіру кенішінде бұрғылау қондырғысының машинисі болып бастады. 1993-2010 жылдар аралығында «№6 кен басқармасы» ЖШС-де геотехнологиялық ұңғымаларды жөндеу операторынан бастап, геотехнологиялық алаң басшысының орынбасарына, одан «Иіркөл» кенішінің геотехнологиялық алаң басшысына дейінгі қызмет сатыларынан өтті. Бұл – қызметтік өсу ғана емес, өндірістің қыр-сырын төменнен жоғарыға дейін меңгерген маманның қалыптасу жолы.

2011-2017 жылдары «Семізбай-U» ЖШС-не шақырылып, «Семізбай» кенішінің бас инженері, кейін директоры қызметтерін атқарды. Ал 2017 жылдың ақпан айында «Семізбай-U» ЖШС «Иіркөл» филиалының директоры болып тағайындалды. 2018-2020 жылдары аудандық мәслихат депутаты болып, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Сонымен қатар «Семізбай-U» бастауыш партия ұйымының төрағасы қызметін атқарды. Бірнеше жауапты қызметті абыроймен атқарып келе жатқан азаматтың өмір жолына баға беретін – халық пен уақыт. Одан асқан сыншы жоқ. Ел-жұрт кімнің кім екенін еңбегіне қарап таниды. Мұқанбетжан Салқынбаевтың бойындағы басты қасиеттің бірі де осы – өзіне жүктелген міндетке адалдық. Адамдықты өмірінің темірқазығы етіп, елге қызмет етуді азаматтық парыз санаған ол өндірістегі жауапкершілікті қоғамдық міндетпен ұштастырып келеді.
ЖҰМЫСШЫ – ӨНДІРІСТІҢ ЖҮРЕГІ
Мекеменің негізгі міндеті – кен айдайтын және кері айдайтын ұңғымалар жүйесі арқылы ұңғымалық жер асты сілтісіздендіру тәсілімен уран тотығын өндіру. Технологиялық үдерістің өз тәртібі бар. Арнайы химиялық реагент сұйық күйінде кері айдайтын ұңғымалар арқылы кен аймағына беріледі. Жер астындағы кен қабаты тотығады. Белгілі бір уақыт өткен соң уран тотығымен байытылған ерітінді өндіруші ұңғымалар арқылы жер бетіне шығарылып, одан әрі өнімді ерітінділерді қайта өңдеу учаскесіне жөнелтіледі.

Сырт көзге қарапайым көрінгенімен, жоғары технологияны, қатаң тәртіпті, кәсіби шеберлікті және жауапкершілікті талап ететін күрделі өндіріс.
Уран жер астынан өздігінен «фонтан болып» атқылап шықпайды. Оның әрбір грамының артында маманның білімі, жұмысшының маңдай тері, инженердің есебі, технологтың тәжірибесі, қауіпсіздік талаптарын сақтаған ұжымның ортақ еңбегі жатыр. Бүгінде штат бойынша 240 маман еңбек етеді. Олардың 99,9 пайызы – жергілікті азаматтар.
Өндірістің берекесі – жұмысшының жағдайына байланысты. Қызметкерлердің еңбек етуіне қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Жұмыс ауысыммен ұйымдастырылған. 12 сағаттық ауысым тәртібімен еңбек ететін мамандардың арнайы киімі толық қамтамасыз етіледі. Фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Тамақтану мәселесі де жолға қойылған. Төрт мезгіл тамақ беріледі. Жалақының кешігуі деген түсінік жоқ. Қызметкерлер тиісті төлемдері мен сыйақыларын уақытында алып отырады. Бұл – жұмысшыға деген құрметтің белгісі. Өйткені еңбек адамының жағдайы жақсы болса, оның өндірістегі жауапкершілігі де артады. Ал жауапкершілік бар жерде сапа бар, сапа бар жерде нәтиже бар.
ТАБИҒАТПЕН ТІЛ ТАБЫСҚАН ӨНДІРІС
Қазіргі өндіріс тек өнім өндірумен шектелмейді. Оның табиғат алдындағы жауапкершілігі де зор. «Семізбай-U» ЖШС экологиялық тазалыққа ерекше көңіл бөлінеді. Соның бір көрінісі – күн сәулесінен электр энергиясын пайдалану жүйесінің жолға қойылуы. Кәсіпорын аумағын көгалдандыру жұмыстары да жыл сайын жалғасып келеді. Жыл сайын мұнда мыңға жуық көшет егіледі. Бұл – бір кездері құм басқан аймақты жасыл желекке айналдыруға жасалған игі қадам. Мұның бәрі Мемлекет басшысы көтерген «Таза Қазақстан» бастамасымен үндеседі. Кеніш ұжымы тазалық пен табиғатты қорғауды бір күндік науқан емес, тұрақты міндет ретінде қабылдап отыр.

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай түрлі экологиялық акциялар ұйымдастырылып, жастар «Эко десант» ұранымен кеніш аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп келеді. Қыстың қақаған аязы мен жаздың аптап ыстығына, дауылды күндерге қарамай еңбек ететін кеншілер үшін өндірістік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және еңбек өнімділігін арттыру – қатар жүретін міндет.
ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛҒАСЫ
Кәсіпорынның ел алдындағы жауапкершілігі өндіріс қақпасынан басталып, ауыл-аймақтың әлеуметтік өмірімен жалғасады. «Семізбай-U» ЖШС әрдайым жақсылық жасауды дәстүрге айналдырып келеді. Компания ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласып, ел көлеміндегі айтулы даталар мен дәстүрлі мерекелердің барлығына дерлік тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні, Қарттар күні секілді маңызды мерекелерде игі бастамалардың жанынан табылып, аудан тұрғындарының қуанышына ортақтасып келеді. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, соғыс балаларына қолдау көрсетті. Су тасқыны мен көктемгі тасқындардың алдын алу жұмыстарына атсалысты. Қызметкерлерге және олардың мүгедектігі бар балаларына материалдық көмек көрсетіп келеді.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Бірлікке бастаған ұжым» ұранымен «Семізбай-U» компаниясының есебінен қызметкерлері отбасыларымен бірге оңтүстік өңірдегі тарихи-мәдени орындарға саяхат жасады. Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Сауран секілді тарихи орындарды аралап, рухани сусындап қайтқан сапар қызметкерлердің арасындағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтып, ұжымдық бірлікті арттыруға бағытталды. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясына да үн қосуда. Мұның бәрі – кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігінің нақты көрінісі. Өйткені өндірістің шынайы бағасы тек тоннамен немесе цифрмен өлшенбейді. Оның өлшемі – елге тигізген пайдасы, халыққа жасаған қолдауы, туған жерге қалдырған ізі.
ЖИЫРМА ЖЫЛ – ЖИЫРМА БЕЛЕС
«Семізбай-U» ЖШС жиырма жыл ішінде қалыптасып қана қойған жоқ, өзіндік дәстүрі бар, кәсіби мектебі қалыптасқан, ел экономикасына үлес қосып отырған іргелі өндіріс орнына айналды. Кеше ғана құм басқан айдалада қазығы қағылған өндіріс орны бүгінде жүздеген адамның ортақ шаңырағына айналып отыр. Осы жылдар ішінде талай маман осында тәжірибе жинады, талай жас еңбек жолын бастады. Бірі өндірістің қазанында қайнаса, бірі инженерлік білімін іс жүзінде шыңдады. Әрқайсысының маңдай тері кеніш тарихының бір бөлігі болып қалды. Ал кеніштің ертеңі – бүгінгі еңбектің жалғасы.

Технология өзгеріп, заман жаңарған сайын өндірістің де жаңа міндеттері пайда болады. Бірақ өзгермейтін бір құндылық бар. Ол – адам еңбегі. Қауіпсіздікке жауапкершілік, табиғатқа жанашырлық, кәсіби біліктілік және елге деген адалдық. Қазақстан – уран қоры мол мемлекет. Тәуелсіздік жылдарында еліміз уран өндірісін бірнеше есеге арттырып, әлемдегі жетекші өндірушілердің біріне айналды. Демек, уран өндірісі – Қазақстанның әлемдік энергетикалық кеңістіктегі маңызды стратегиялық артықшылықтарының бірі. Ал сол алып өндірістің жергілікті деңгейдегі нақты тірегі – осындай кеніштер.
«Семізбай-U» да сол үлкен жүйенің бір бөлшегі ғана емес, Шиелі өңірінің әлеуметтік-экономикалық тынысына өзіндік үлес қосып отырған еңбек ордасы.
Жиырма жыл бұрын бұл жерде құрылыс басталғанда, көзге көрінгені – ұлан-ғайыр дала еді. Бүгінде сол далада өндіріс бар. Кәсіп пен еңбек, жасыл желек бар. Ең бастысы, адамның еңбегімен келген береке бар. Бір кездері алғашқы ұңғымасы қабылданып, алғашқы өнімі алынған мекеме бүгінде жиырма жылдық белесті артқа тастап отыр. «Семізбай-U» ЖШС-нің жиырма жылдық тарихы – осындай. Құмнан басталған жол – құтқа ұлассын! Еңбегі ерен елдің – ертеңі еңселі болсын!
Сұлушаш МАДИЯРОВА