Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨНДІРІС МАҢЫН ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ АЙНАЛДЫРЫП КЕЛЕДІ

ӨНДІРІС МАҢЫН ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ АЙНАЛДЫРЫП КЕЛЕДІ

«Семізбай-U» ЖШС Иіркөл кеніші Шиелі кентінен 25 шақырым жерде орналасқан. Кеніштегі жұмысшылар тек өнімді өндіріп қана қоймай, өндіріс маңын жасыл желекке айналдырып келеді.
Мәселен, биылғы жылы да жүздеген түп ағаш отырғызылды. Көктемгі тазалық жұмыстарына да үлкен мән берілді.
«Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді» дейді дана халқымыз. Расында туған жердің көркейіп, көгалдануына, экологияның жақсаруына септігін тигізетін жасыл желекті ел болуға атсалысуымыз қажет-ақ.
Осындай игілікті істі адамдық борышына санаған Иіркөл кенішінің жұмысшылары жыл сайын ағаш отырғызып, жұмыс маңайы үлкен бау-баққа айналды. Оның дәлелі әр жұмысшының атымен аталатын «Бас механик бауы», «Бас энергетик бауы», «Мұқанбет жанбауы», «Дастан бауы», «Дархан бауы», «Геотехнологиялық бөлім бауы», «Әкімшілік шаруашылық қызметінің бауы» сынды т.б жайқалған бақтарды айтуға болады.
Мекеменің өндірістік қауіпсіздік қызметінің басшысы Көркем Мырзабаев:
– Бүгінгі таңда Шиелі ауданның экологиясымен қатар экономикасын арттыруға да барынша күш-жігерімізді салып, үздіксіз жұмыс істеп келеміз. Ауыры мен жеңілі қатар жүретін жұмыстың жемісін көріп, жұмысшылар да үлкен жетістіктерге жетуде, – деді.

Мақсұт ИБРАШЕВ
20 наурыз 2024 ж. 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031