Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғатты көгалдандыру – басты назарда

Табиғатты көгалдандыру – басты назарда


Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Таза табиғат» ұлттық жобасы аясында Ы.Жақаев саябағында аудан басшысы Қамбарбек Мүбараковтың қатысуымен ағаш отырғызу акциясы өтті. Жалпы аудан бойынша 2500 түп ағаш отырғызылды. Қарағаш, сән ағашы, терек, үйіңкі, шаған, қарағай және қызылтау сияқты жасыл екпелерге басымдық берілді. Ауданды көгалдандыру мақсатындағы игі бастамаға барлық мемлекеттік мекеме ұйымдар, жастар, оқушылар қатысты.
Қазақта «Тал ек гүл ек, Туған жерді түлет!», «Бір тал кессең, Он тал ек» – деген секілді түрлі жас ұрпақтың табиғатты аялауына, қадірлеуіне, көркейтуіне септігін тигізуіне айтылған түрлі мақал-мәтелдер бар. 2020-жылы «Волонтерлер жылы» аясында «birgemiz taza alem» бағыты бойынша ауыз толтырып айтарлықтай істер жасалды. 2021 жылы да, президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмаларымен түрлі «Экожобалар» ұйымдастырылып жатыр. Осы үрдісті жалғастыру мақсатында аудан орталығында, кент көшелерінде, ауылдар да көгалдандыру, тазалық жұмыстары жүргізіліп, сенбіліктер ұйымдастырылып жатыр. Тілге тиек етсек, облыс әкімі Гүлшара Наушақызының бастамасымен наурыз қарсаңында облыста жиырма мың тал егілу жоспарланған болатын. Оның сегіз мыңын оқушы жастар егіпте үлгерді. Аудан көлемінде бүгінгі таңда оқушы жастардың белсенділігі күннен күнге артуда. Мәселен кенттегі №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектептің оқушылардан құралған еріктілері, аудан басшысымен бірге ағаш отырғызу акциясына белсене қатысып, өз септіктерін тигізді. Олардың әрқайсысы бұл істі «Табиғат ана алдындағы міндетіміз», деп санайды. Әрине, бұл сөздер көңіл қуантады. Сонымен қатар мектеп оқушылары табиғатты көркейту мақсатында челлендж бастап, Шиелі аудандық білім бөліміне қарасты барлық мектепке жолдады.
Қазақта «Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді, мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді», – деген. Осы ретте бүгінгі шарада жүз жылдығын ойлап ағаш егіп, мың жылдығын ойлап саналы ұрпақ тәрбиелеп отыр десек, қателеспеспіз.

Айбек БЕРІКБОЛҰЛЫ
№244 Ы.Жақаев атындағы орта
мектептің оқушысы

24 наурыз 2021 ж. 1 427 0