Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбеде полиэтилен пакеті шығарыла бастады

Ақтөбеде полиэтилен пакеті шығарыла бастады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Астана күні Ақтөбеде бірнеше өндіріс орны іске қосылды. Полиэтилен пакетін шығаратын өндіріс орнында 60 жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбе қаласындағы индустриялды аймақта полиэтилен пакет шығаратын өндіріс орны іске қосылды. Өндіріс орнындағы газ, су, жол мен жарығы бар аумақтан 1 гектар жер берілген. Мұнда екі түрлі қаптамадағы пакет шығарылады. Шикізаттар Қазақстан, Өзбекстан Корея, Ираннан алынды. Мұнда жылына 1 200 тонна өнім шығаруға болады. Зауыт құрылысы мен жаңа аппараттарды сатып алуға 500 миллион теңге жұмсалды.
«Ақтөбе индустриялды аймағында өзге де өндіріс орнының құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Барлығы 15 өндіріс орны аумақтың 60 пайыздық жерін қамтиды. Қазір 4 өндіріс орны жұмыс істеп тұр. Биыл тағы 7 зауыт, шағын цех іске қосылады. Барлығы 1 600 адам жұмыспен қамтылады. Мұнда жиһаз шығару, көлік-логистика орталығы мен қыш бұйымдарын шығаратын зауыт бар. Қазақстанда алғаш рет ауа баптайтын газ баллондар да шығарылады. Қазақстан мен Түркия, Болгария инвесторлары осы жерге шоғырланған»,- деді «Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ-ның инвестиция тарту басқармасының жетекшісі Ануар Асылов. 
inform.kz


09 шілде 2018 ж. 1 458 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930