Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШӘКІРТ ШЫҢЫ – ҰСТАЗ МЕРЕЙІ

ШӘКІРТ ШЫҢЫ – ҰСТАЗ МЕРЕЙІ

Бишілер күні қарсаңында аудандық мәдениет үйі жанындағы «Айшуақ» би үйірмесінің шәкірттері облыстық «Бозторғай» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық конкурсында бақ сынады. Көрерменді мың бұралған биімен тәнті еткен өнерпаздар 7-10 жас және 11-13 жас аралығындағы 30-дан аса топтың арасынан суырылып шығып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бұл – ұстаз бен шәкірттің маңдай тері мен табандылығының, өнерге деген шынайы сүйіспеншілігінің жемісі.
Осы жетістіктің артында талай жылдық еңбек, үздіксіз ізденіс пен шығармашылыққа деген адалдық жатыр. «Айшуақ» би үйірмесінің жетекшісі Динара Оразова – саналы ғұмырын би өнеріне арнап, мыңға жуық шәкірт тәрбиелеген білікті хореограф. Бүгінде оның тәрбиесін көрген шәкірттер еліміздің әр түкпірінде өнердің шамын жағып, ұстаз жолын жалғастырып келеді.
Динара Ыдырысқызы 1975 жылы ­Талаптан ауылдық округінде дүниеге келген. Жастайынан өнерге жақын болып, 1990 жылы «Жас дәурен» халықтық ән-би ансамблінің құрамында Португалия елінде өткен фестивальде өнер көрсетті. 1992 Алматы қаласындағы Қазақ қыздар педагогикалық институтының хореография бөліміне оқуға түсіп, 1996 жылы хореография пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты.
Еңбек жолын 1999 жылы Нартай ауылындағы О.Бодықов атындағы мәдениет үйінде көркемдік жетекші қызметінен бас­тап, кейін аудандық мәдениет үйінде «Жас дәурен» ансамблінің балетмейстері болды. Ал 2018 жылдан бері «Айшуақ» би үйірмесінің жетекшісі ретінде жас буынға тәлім беріп келеді.
Оның шәкірттері арасынан бүгінде танымал өнер иелері өсіп шықты. Солардың қатарында Алматы қаласындағы «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің көркемдік жетекшісі, балетмейстер, хореограф, режиссер Қуанышбек Серікұлы және білікті ұстаз-хореограф Мөлдір Башарова бар.
Қазіргі таңда «Айшуақ» би үйірмесінде 60-қа жуық шәкірт тәлім алуда. Әрқайсысы сахнада өз өнерін паш етіп, ұлттық би өнерінің дамуына өз үлесін қосып келеді.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
04 мамыр 2026 ж. 23 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

№30 (9397).

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031