Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бишілер бас жүлдені жеңіп алды

Бишілер бас жүлдені жеңіп алды


Жақында Алматы қаласындағы «Bala star» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Happy New Star» атты 10-14 жас аралығындағы балалар байқауына би номинациясы бойынша шиелілік «Жас дәурен» өнерпаздар тобы қатысқан болатын.
Байқауда қазақ биі «Жауқазынды» және үнді биін мың бұрала билеген бишілер әділ қазылардың көңілінен шығып, гран приді жеңіп алды. Әсіресе, қазақ биін нақышына келтіріп, әр қимылымен көрермендерге ерекше әсер қалдырған шиелілік өнерпаздарға көпшілік тәнті болды. Топ жетекшісі Динара Оразова «Бүгінде ұлттық биден гөрі заманауи жастар биіне көп көңіл бөлінеді. Дегенмен, қай кезде болмасын қазақ биіне деген көпшіліктің ықыласы ерекше. Байқауда «Жауқазынды» орындауымыздың бір себебі осы», – дейді.

Г.ЯХИЯ.
30 желтоқсан 2018 ж. 4 273 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930