Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІЛІК ЖАС ТАЛАНТТАР ШЫҢНАН КӨРІНДІ

ШИЕЛІЛІК ЖАС ТАЛАНТТАР ШЫҢНАН КӨРІНДІ

    
  Шиелі аудандық орталық вокзалында Республикалық «ӨНЕРПАЗ БОЛСАҢ» атты ән-би байқауының жеңімпаздарын Жастар ресурстық орталығының Айдана Маманова бастаған  ұжымы үлкен қуанышпен  күтіп алып шығармашыл жастарымызға қолдау білдірді. Үш күнге созылған тартысты өнер бәсекесінде Шиелілік таланттар өз өнерлерін ортаға салып, Республиканың түкпір-түкпірінен келген адамдарына қасиеті Шиелі ауданының өнерлі өлке екендігін дәлелдеді. Үлкен топ бойынша «Аспапта ойнау» номинациясыиен қылқобызшы Шакиева Тоқжан «Бас жүлде», кіші топта «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша қылқобызшы Бөлеген Ақниет «Бас жүлде» алса, «Кіші би» тобы номинациясы бойынша аудандық әуез мектебінің жас бишілер тобы мың бұрыла билеп «Бас жүлде» алып, аудан атын өнер сүйер Алматы жұртшылығына паш етті. Өнерпаз жастарды тәрбиелеп шығарған жетекші ұстаздары,Қалымбетоваға Рысалды мен балалар әуез мектебінің хореографы Орынбасар Арайлымға үлкен алғыс білдіреміз. Өнерлерің өрістей берсін жас өрен!
"Өскен өңір" ақпарат.
24 мамыр 2018 ж. 1 419 0