Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық жас бишілер Италиядан жеңіспен оралды

Қазақстандық жас бишілер Италиядан жеңіспен оралды


Италияның Сан-Марино қаласындағы киелі сахнада өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алған балалар ансамблі елге оралды. Алматылық «Адат» ансамблі жақында ғана Шекспир шығармасындағы Ромео мен Джулетаның отанына сапар шегіп, өнер әлемінің биігінен көрінді. Верона қаласында өткен халықаралық фестивальде жас бишілеріміз Кавкасиури, тау халқының биі, Даймохк және шешендердің мерекелік биін орындаған. Ислам Сагов, «Адат» би ансамбілінің көркемдік жетекшісі: – Біз бірінші кезекте Қазақстанның атынан өнер көрсететінімізді үлкен жауапкершілікпен сезіндік. Өзімізді жоғары деңгейде көрсетуге тырыстық. Және дәл солай болды, елімізді тағы да шетелге жақсы қырынан таныттық деп ойлаймын. Милана Ильдихороева, 10 жаста – Біз сахнаға шыққан сәттен бастап көрермендер қошемет көрсетіп, қол соқты. Шынымды айтсам, қатты толқыдық. Биіміз бәріне ұнады. Ясмин Муратова, 13 жаста – Италияға сапарымыз маған қатты ұнады. Ұмытылмастай әсер алдым. Ең кереметі, сахнаға шығып өнер көрсеткенімізді бақыт санаймын. Қолдау көрсеткен көркемдік жетекшімізге, ата-аналарымызға көп рақмет! Құрылғанына бар жоғы бір-ақ жыл болған ансамбльде дарынды бишілер өте көп. Алды 16 жаста болса, ең кішісісі 4 жаста. Жетекшілердің мақсаты – әр баланың қабілетін ашып, би өнеріне деген құлшынысын арттыру. Осы өнер арқылы елді құрметтеуді, сал-дәстүрді ұмытпауға үйрету. Ислам Сагов, «Адат» би ансамбілінің көркемдік жетекшісі: – Балалар фестивальге бар ынтасымен дайындалды. 4-5 сағаттық жаттығулар жасап, жас болса да жауапкершілікті сезінді. Қандай да бір қателіктер жасап қойса, көңілдері босап, екінші қайталамауға тырысты. Әрине, менің шәкірттерім сенімді ақтады. Мен оларды мақтан тұтамын. Италиялықтарды таңдай қақтырып, Қазақстанның туын көкте желбіреткен жас бишілер қыркүйекте Тула қаласына шақырту алыпты. Ал келесі жылы жазда Францияда өтетін өнерлі жасөспірімдер арасындағы халықаралық фестивальге қатыспақ.
www.24.kz
01 тамыз 2018 ж. 1 207 0