Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҮРКИЯДА «ҚАЗАҚСТАН КҮНДЕРІ» ӨТЕДІ

ТҮРКИЯДА «ҚАЗАҚСТАН КҮНДЕРІ» ӨТЕДІ


Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен 24-31 мамыр аралығында  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Астана қаласының 20 жылдығы аясында Анкара, Малатия, Шанлыурфа, Кахраманмараш қаласында «Қазақстан күндері» өтеді.
Қазақстан мәдениеті мен әдебиетінің күндері ІХ халықаралық Рамазан фестивалі және Астана қаласының 20 жылдығы аясында Анкара қаласынан бастау алады. Аталған шараға Ақтөбе облысы мен Алматы облысы Жамбыл ауданынан ресми делегация мен БАҚ өкілдері шақырылған.
Бағдарламада түрік тіліне аударылған «Менің атым – Қожа» кітабының тұсаукесері өтеді.

Жинақты түрік тілінде сөйлеткен қазақ әдебиетінің зерттеушісі, түрік ғалымы Жамилә Кынажы. Қолдау көрсеткен ­– Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Кечиөрен муниципалитеті мэриясы.

Салтанатты рәсімге Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, Кечиөрен муниципалитетінің мэрі Мұстафа Ақ, Еуразия Жазушылар қауымдастығына қарасты «Бенгу» баспасының директоры Якуп Омароғлы және түрік зиялылары мен Бердібек Соқпақбаевтың қызы, аудармашы Самал Соқпақбаева, фильмде Қожа рөлін сомдаған актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Санжар, «Балдырған» журналының бас редакторы Дүйсен Мүсірәлі қатысады.
Таныстырылым соңынан қазақтың классик жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың повесінің желісімен 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Менің атым – Қожа» фильмі Неджип Фазыл атындағы драма театрда көрсетіледі.
Сонымен қатар, «Қазақстан күндері» аясында Анкара қаласындағы «Сүйінбай Аронұлы» атындағы саябақта түркі әлемінің тұғырлы ақындары Сүйінбай Аронұлы мен Жамбыл Жабаевты еске алу жиыны мен «Жамбыл» атындағы көшеге орнатылған ескерткіш-тақтаның ашылу рәсімі өтеді.
Жиын барысында Түркі әлемі жазушылар және өнерпаздар қорының президенті Яхия Акенгинге халықаралық Жамбыл сыйлығы тапсырылады.
Бұдан бөлек, Астана қаласының 20 жылдығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып, Түркияның белді саясаткерлері мен зиялы қауым өкілдері

Қазақстан-Түркия қарым-қатынасының дамуындағы Астана қаласының алатын орны туралы баяндама жасайды.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Астана қаласының 20 жылдығы аясында Анкара қаласындағы «Калаба Кент» алаңында «Қазақстан кеші» концерті өтіп, Ақтөбе облыстық Ғ.Жұбанова атындағы филармониясының фольклорлық «Достық сазы» және «Аққу би ансамблі өнер көрсетеді.
Қазақстан күндері «Астананың 20 жылдығы» концертімен Анкарадағы «Антарес» сауда орталығында, сондай-ақ Малатия, Шанлыурфа, Кахраманмараш қаласында жалғасады.
 

Естеріңізге сала кетсек, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы 1944 жылдың 20 қыркүйегінде құрылған. 1998 жылы   Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, КСРО  халық  артисі, композитор  Ғазиза Ахметқызы Жұбанованың есімі берілді.  Қазіргі уақытта филармонияда 280 адам жұмыс істейді. Мемлекеттік мекеменің «Достық сазы» фольклорлық ансамблі Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында 2011 жылы облыстық Достық Үйі жанынан құрылған. Көркемдік жетекшісі – Бақытбек Зейнелов. 2013 жылы Ақтөбе қаласында өткен халықаралық «Жұбанов көктемі – 2013»  фестивалінің  І дәрежелі лауреаты. 2015 жылы Уфа қаласында өткен «Зов Урала – 2015» ансамбльдер арасындағы халықаралық байқаудың ІІ орын иегері.
2018 ж. Дели қаласында өткен Халықаралық өнер фестивалінің лауреаты (Үндістан).

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның «Аққу» би ансамблі 2000 жылы құрылған. Көркемдік жетекшісі – Омар Мамбетов, бас балетмейстер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Гульнара Мамбетова. 2005 ж. Алушта өткен халықаралық би байқауының лауреаты (Қырым) 2007 ж. Алания қаласында өткен «Бегущий по волнам» халықаралық би байқауының лауреаты (Түркия). 2008 ж. Дамаск, Суэйда, Босра, Алеппо қалаларында өткен халықаралық би фестивалінің лауреаты  (Сирия).
2010 ж. Мәскеу қаласында өткен РФ мен ҚР арасындағы мерекелік кешінің қатысушысы. 2011 ж.  Колобжек  қаласында өткен «Interfolk-2011»  халықаралық өнер байқауының лауреаты (Польша). 2012 .ж. Дубай қаласында өткен халықаралық өнер фестивалінің лауреаты (БАӘ). 2012ж. Пекинде өткен халықаралық өнер фестивалінің лауреаты (Қытай). 2014 ж. Астана қаласында өткен Ақтөбе облысының мерекелік кешінде Елбасының алдында өнер көрсетті. 2014 ж.Дубайда өткен халықаралық өнер фестивалінің лауреаты (БАӘ). 2014 ж. Амасья, Анкара, Стамбул қалаларында өткен Халықаралық өнер фестивалінің лауреаты (Түркия). 2014 ж. Сиди-Бель-Аббес қаласында өткен халықаралық өнер фестивалінің лауреаты (Алжир). 2015 ж. Фаридабад қаласында өткен халықаралық өнер фестивалінің лауреаты (Үндістан). 2016 ж. Роман-сюр-Изер қаласында өткен халықаралық өнер фестивалінің лауреаты (Франция). 2018 ж. Дели қаласында өткен халықаралық өнер фестивалінің лауреаты (Индия). 2018 ж. Орынбор қаласында өткен халықаралық өнер фестивальдің лауреаты (РФ).
Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ
20 мамыр 2018 ж. 1 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930