Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛ БИЛЕРІНЕН «QYZYLORDA OPEN-2018» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛ БИЛЕРІНЕН «QYZYLORDA OPEN-2018» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТЕДІ

1 сәуір күні «Евразия» спорт кешенінде облыс әкімінің кубогы үшін бал билерінен «QYZYLORDA OPEN-2018» халықаралық турнирі өтеді. Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен және ҚР ұлттық билері кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылатын турнир Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорданың 2 ғасырлық мерейтойына арналған. Ұйымдастырушы – облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру, өңірде бал билері өнерін дамыту, өскелең ұрпақтың шығармашылығын шыңдау және талантты қыз-жігіттерді қолдау мақсатында өтеді.
Турнирге ТМД елдері мен республиканың өзге облыстарынан барлығы 800-ге жуық адам қатысады. Мәселен, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен, сондай-ақ Астана, Тараз, Шымкент, Қарағанды және т.б. қалалардан келген өнерпаздар бақ сынайды.
Сайыскерлердің өнерін Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның білікті мамандарынан құралған қазылар алқасы, барлығы 24 төреші бағалайды.
Турнирді тамашалау тегін.
«QYZYLORDA OPEN-2018» турнирінің бағдарламасы
Өтетін күні. 2018 жылдың 1 сәуірі
Уақыты: басталуы сағат 10.00
Орны: «Евразия» спорт кешені
10.00 – балалар тобы
13.30 – балалар тобы
16.00 - балалар тобы
19.00 – жасөспірімдер тобы мен ересектер
Марапаттау рәсімі
27 наурыз 2018 ж. 1 502 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31