Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «БОЗТОРҒАЙ» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ КОНКУРСЫ

«БОЗТОРҒАЙ» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ КОНКУРСЫ

26-27 сәуір күндері облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен Жастар театры мен Жыраулар үйінде облыстық XXVI «Бозторғай» балалар және жасөспірімдер шығармашылығы конкурсы болып өтті.
Екі күнге созылған конкурстың ашылу салтанатында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Жанұзақов жас талапкерлерге қолдау білдіріп, конкурсқа сәттілік тіледі.
«Бозторғай» байқауына қатысушы талапкерлер «Аспапта орындау», «Вокал», «Халықтық орындау», «Хореография» жанрлары бойынша бақтарын сынады.
Байқау қорытындысы бойынша «Аспапта орындау» жанры бойынша 19 өнерпаз бен 3 ансамбль қатысып, аудандық өнер мектебінiң баянистерi Бақдаулет Қойшыбаев бас жүлдені, Досханұлы Сафуан І орынды, «Қобыз» аспабы бойынша Байсын ауылдық мәдениет үйінің «Қобыз» үйiрмесiнiң мүшесі Рашова Зарина І орынды, «Домбыра» жанры бойынша Нартай ауылдық мәдениет үйінің «Домбыра» үйiрмесiнiң мүшесі Бөлеген Азамат және аудандық өнер мектебінің шәкірті Әшімхан Нұрмұхаммед ІІІ орынды иеленді.
«Халықтық орындау» жанры бойынша 15 өнерпаз қатысып, 10 өнерпаз жүлделі орындарға ие болды. Аудандық өнер мектебінің шәкірттері Сейтқасым Жасұлан, Мырзатай Тұрманов, Әшімхан Нұрмұхаммед, Фазылова Нұрсәулем І орынды, Ордабек Асылжан мен Жанғали Балауса ІІ орынды, Нартай өнер үйiнің шәкірттері Үсен Ерасыл және аудандық өнер мектебінің шәкірттері Еркiнәлиев Айбек, Жарқынбек Ернар, Ерболат Айқындар ІІІ орынды жеңіп алды.
«Вокал» жанры бойынша 21 өнерпаз қатысып, 3 өнерпаз жүлделі орындарға ие болды. Аудандық өнер мектебінің шәкірттері Әлмат Бақдаулет пен Ордабек Асылжан І орынды, Марат Исмайл ІІІ орынды жеңіп алды.
«Хореография» жанры бойынша 7 би тобы қатысып, «Like school» спорт және өнер мектебінiң би тобы ІІІ орынға ие болды.
Додада бас жүлде иеленген жеңімпаздар республикалық «Бозторғай» конкурсына жолдама алды.
Жас таланттарды жеңістерімен құттықтаймыз!
30 сәуір 2024 ж. 101 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9203)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031