2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘН ЕРКЕСІН ҰЛЫҚТАҒАН БАЙҚАУ

ӘН ЕРКЕСІН ҰЛЫҚТАҒАН БАЙҚАУ

Бейсенбіде Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына орай «Қазақтың әнші бұлбұлы» атты облыстық ән байқауы өтті.
Байқауға 10-нан аса үміткер қатысты. Қатысушыларға қойылған басты талап – Роза Бағланованың репертуарынан қалаған бір әнді нақышына келтіре шырқау болды. II бөлімде қатысушылар әншінің репертуарынан міндеттелген әндерді орындау қажет.
– Шиелі өңірі өнерге толы, тектілік түлеген киелі мекен. Байқаудың мақсаты – таланттарды анықтау және қолдау көрсету. Қазақтың әнін әлемнің түпкір-түпкірінде шырқайтын Роза Бағлановадай әншілеріміз көбейе берсін, – деді Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов.
Байқауға облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының музыка және балалар шығармашылығы бөлімінің меңгерушісі Бағдагүл Есмұрзаева, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, облыстық филармония әншісі Ақмарал Ноғайбаева, әнші, композитор Жарылқасын Оразғұлов төрелік етті.
Қазылар алқасының шешімімен бас бәйге қазалылық Сәкен Кермешке бұйырып, І орынды Аралдан келген Назерке Сәрсенбаева қанжығалады. ІІ орынды шиелілік Айгүл Еркінбайқызы мен жаңақорғандық Алимұса Сұңқар иеленсе, ІІІ орынды шиелілік ­Сафуан Көрегенов пен аралдық Дәулеткерей Қуантқанов жеңіп алды.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
17 наурыз 2022 ж. 888 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930