Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » сыр талантын еске алған күн

сыр талантын еске алған күн

Қызылордада әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкенов атындағы «Отан-Ана» атты ІІ республикалық әншілер конкурсының І кезеңі өтті.
Әнші есімін жаңғыртқан аталмыш байқауға республикамыздың 13 облысы мен Ташкент қаласынан 25 үміткер қатысты. Байқау шарттары бойынша, қатысушылар 2 ән орындаса, оның бірі Батырхан Шөкеновтың репертуарынан алынды.«A`Studio» тобының әншісі болған өнер иесін қызылордалықтар еске алып, үлкен шара ұйымдастырды. Екінші мәрте ұйымдастырылып отырған әншілер байқауында қазылар алқасының төрағасы Ержан Абдрахманов конкурсқа қатысушыларға сәттілік тілеп, Батырхан Шөкеновтің есімі тыңдармандардың жадында мәңгі жаңғыра беретінін айтты. Сонымен қатар, Сыр топырағында дүниеге келіп, қазақ елін ғана емес, алыс-жақын шетелді өз өнерімен тәнті еткен хас талант, дарынды әнші, танымал композитор Батырхан Шөкеновтың ескерткіші ашылды.

«Өскен өңір» ақпарат.
19 мамыр 2018 ж. 1 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (9369).

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (9368)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031