Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БӘЙТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ КӨШПЕЛІ МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

БӘЙТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ КӨШПЕЛІ МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ


Кеше Бәйтерек ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарының жеке мәселелері бойынша мобильді қабылдау өтті. Мобильді топ құрамында: аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев, «AMANAT» партиясының Шиелі аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының жетекшісі, мәслихат депутаты Қазбек Шаукебаев, партия консультанты Біржан Өтебай, ауылдық округ әкімі және тиісті сала басшылары мен жауапты өкілдері болды.

Мобильді топтың қабылдауына арнайы келген шалғай елді - мекеннің тұрғындары ауыл ішіндегі қордаланған мәселелерді назарға ұсынып, шешілу жолын қарастыруды партияға сеніп тапсыратындарын айтты. Қабылдау барысында ауыл тұрғындары тұрғын үй, жол жөндеу жұмысы, жеке балабақша мәселесі, ауылдық округке әкімшілік ғимарат салу, науқас балаға көмек сұрау, ауыз судың тұрақты берілуі, мәдениет үйі жанынан домбыра үйірмесін ашу, жер телімін сұрау және Сасқұм полигонына қатысты және өзге де ортақ мәселелерді көтерді.

Айтылған мәселелер шешімін тапқанға дейін партияның назарында болады.
12 қыркүйек 2025 ж. 500 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930