Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МОБИЛЬДІ ТОП ӨКІЛДЕРІ ЖӨЛЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

МОБИЛЬДІ ТОП ӨКІЛДЕРІ ЖӨЛЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Жөлек ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарының жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізілді.
Мобильді топ құрамына Шиелі ауданының әкімі, «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Мақұлбеков Нариман Әскербекұлы; Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сыздық Болат Мүбәракұлы; облыстық маслихат депутаты Шаутай Тілеуберген Құдайбергенұлы; облыстық партия филиалының Саяси кеңес мүшесі, облыстық маслихат депутаты Дүйсенбек Баян Сабырқызы; Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Сұлтангереева Гүлнар Әбжамиевна; Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Өмірзақов Нұржан Егізбайұлы; Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Аймаханов Нұрлан Ермұратұлы; аудандық мәслихат хатшысы Жағыпбаров Тұрмағанбет Әлиасқарұлы енгізілген.
Сонымен қатар қабылдауға аудандық маслихаттағы фракция мүшелері және тиісті сала басшылары да қатысты.
Қабылдау барысында ауыл тұрғындары Жөлек ауылдық округіндегі «Жөлек» бөбекжайының жаңа ғимараттың құрылысын жүргізу қажет екендігі, Жуантөбе елді-мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету, Ауылға жастар саябағын салу мәселесі, ауылға тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын полигон салып беру мәселесі, Жөлек ауылдық округі маңайына егін егу мақсатында Ханқожа көлінен бастау алатын Жөлек ауылынан жанама каналды қаздыру мәселесі және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерді көтіріп 25 адам қабылданды.
Мобилді топ өкілдері ауыл тұрғындарының әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің заңдылық аясында шешілуі бойынша жұмыстар атқаратындарын жіткізіп, бағыт-бағдар мен кеңестер берілді.
Айтылған мәселелер шешімін тапқанға дейін партияның назарында болады.
Мобильді топтардың мақсаты шалғай орналасқан елді мекендердегі тұрғындарды қабылдап, олардың әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің шешілуіне ықпал ету, бағыт-бағдар мен кеңестер беруді көздейді.

28 наурыз 2022 ж. 712 0