Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МОБИЛЬДІ ТОП ӨКІЛДЕРІ ЕҢБЕКШІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

МОБИЛЬДІ ТОП ӨКІЛДЕРІ ЕҢБЕКШІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Еңбекші ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарының жеке мәселелері бойынша мобильді қабылдау өткізілді.
Мобильді топ құрамына «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сыздық Болат Мүбәракұлы; аудан әкімінің орынбасары Жандарбеков Айтбай Насриддинұлы; облыстық маслихат депутаттары Нәлібаев Мақсұт Ыбрайханұлы, Дүйсенбек Баян Сабырқызы; аудандық мәслихат депутаты Өтебаев Біржан Бақтыбайұлы; облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Нұрлан Әбілқасымұлы Абдукаримов; Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң кеңесшісі Айгүл Жетпісбайқызы Шегирова; ШЖҚ «Табиғат» МКК директорының міндетін атқарушы Қайрат Амангелдіұлы Шакиров енгізілген.
Сонымен қатар қабылдауға аудандық маслихаттағы фракция мүшелері және тиісті сала басшылары да қатысты.
Қабылдау барысында ауыл тұрғындары Елді-мекен тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі; Ауыл ішілік көшелерді асфальттау (М. Мәметова, Ғ. Мұратбаев, Ғ.Мұратбаев тұйығы, Б. Оразов, А. Құнанбаев, С. Төрениязов және Е. Бектұрсынұлы көшелері); Ауыл маңындағы жайылымдық жер мәселесі; Шиелі-Тайқоңыр жолы 0-12 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі; Еңбекші ауылдық дәрігерлік амбулаториясына 1 (бір) дана жедел жәрдем көлігін алу мәселесі; Қосүйеңкі елді-мекені тұрғындарын сапалы ауыз сумен және аяқ сумен қамтамасыз ету мәселесі және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерді көтеріп, 35 адам қабылданды.
Мобилді топ өкілдері ауыл тұрғындарының әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің заңдылық аясында шешілуі бойынша жұмыстар атқаратындарын жіткізіп, бағыт-бағдар мен кеңестер берілді.
Айтылған мәселелер шешімін тапқанға дейін партияның назарында болады.
Мобильді топтардың мақсаты шалғай орналасқан елді мекендердегі тұрғындарды қабылдап, олардың әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің шешілуіне ықпал ету, бағыт-бағдар мен кеңестер беруді көздейді.

«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы ФБ парақшасынан
22 сәуір 2022 ж. 908 0