АҚТОҒАНДА КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Бүгін Ақтоған ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарының жеке мәселелері бойынша мобильді қабылдау өтті.
Мобильді топтың қабылдауына арнайы келген шалғай елді-мекеннің тұрғындары ауыл ішіндегі қордаланған мәселелерді назарға ұсынып, шешілу жолын қарастыруды партияға сеніп тапсыратындарын айтты.
Мобильді топтың қабылдауына арнайы келген шалғай елді-мекеннің тұрғындары ауыл ішіндегі қордаланған мәселелерді назарға ұсынып, шешілу жолын қарастыруды партияға сеніп тапсыратындарын айтты.
Қабылдау барысында Ақтоған ауылдық округі бойынша ауыл тұрғындары табиғи газбен қамтамасыз ету, жаңадан клуб ғимаратын соғу, Спорт алаңдарын салу, ауыл ішілік көшелерді асфальттау, көше жарығы мәселесі, жаңадан транформатор орнату, №155 орта мектепке қосымша құрылыс салу және өзге де ортақ өзекті мәселелерді көтеріп 9 адам қабылданды.
Мәселен, ауыл тұрғыны зейнеткер Сарболдаев Дайрабай ескірген трансформаторларды ауыстыруды және №155 орта мектепке қосымша құрылыс салып беруді сұрайды.
Мобилді топ өкілдері ауыл тұрғындарының әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ өзекті мәселелерінің заң аясында шешілуі бойынша жұмыстар атқаратындарын жеткізіп, бағыт-бағдар мен кеңестер берілді.
Айтылған мәселелер шешімін тапқанға дейін партияның назарында болады.
Мобильді топ құрамына: Мақсұт Нәлібаев - облыстық партия филиалының Саяси кеңес мүшесі, облыстық маслихаттың депутаты; Нұрлан Абдукаримов – облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі; Ғалым Баимбетов – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары; Балжан Қайырбекова – Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң кеңесшісі; Мая Мирзанова – облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары; Ақбота Сәденова – облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы; Ержан Жеткерұлы – облыстық мәдениет және спорт басқармасының бөлім басшысы енгізілген.
Сонымен қатар қабылдауға «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық, аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергенов, аудандық мәслихат төрағасы Айтбай Жандарбеков, «AMANAT» партиясының Шиелі аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының жетекшісі Қазбек Шаукебаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Аруна Әзімхан және тиісті сала басшылары мен жауапты өкілдері де қатысты.
#AMANAT