МОБИЛЬДІ ТОП ӨКІЛДЕРІ АЛМАЛЫ ЖӘНЕ ТҰРАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін Алмалы және Тұран ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарының жеке мәселелері бойынша мобильді қабылдау өткізілді.
Мобильді топ құрамына «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сыздық Болат Мүбәракұлы; облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Абдукаримов Нұрлан Әбілқасымұлы; облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы, Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң кеңесшісі Қайырбекова Балжан Қожабекқызы, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Садықов Қайрат Қуанышқалиұлы, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Алпысбаев Ернат Ерғалиұлы енгізілген.
Сонымен қатар қабылдауға тиісті сала басшылары да қатысты.
Қабылдау барысында Алмалы ауылдық округінің тұрғындары Алмалы ауылдық округі, 21бекет елді мекендеріне трансформаторлар орнату; І-V квартал көшелеріне инфрақұрылым дамыту (жол,су,свет); Алмалы ауылдық клуб үйінің жаңа ғимарат құрылысы жұмыстарын жүргізу; Ауыл округіне газ келтіру жұмыстарын жүргізу; Тоғайлы елді мекеніне инфрақұрылым жұмыстарын жүргізу; Алмалы ауылдық округіне жаңа амбулаторияның құрылыс жұмыстарын жүргізу мәселелерін көтерсе Тұран ауылдық округінің тұрғындары Тоқ көзінің жетіспеуіне байланысты электр бағандары мен желілері, трансформатор қажет; Ауылдың ішіндегі 10 вольттық кернеудегі злектр желілері үзіліп-үзіліп жалғама көбейген. Ток көздерін жоғалту көп болады. Соған байланысты электр желілері ауысса; Ауылдағы Қылышбаев, Қорғанбаев көшелерін асфальттау; Ауыл іргесіндегі каналдар жақын орналасуына байланысты ыза су басу мәселесін шешу бойынша дренажды насостар орнату қажет және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерді көтіріп 34 адам қабылданды.
Мобилді топ өкілдері ауыл тұрғындарының әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің заңдылық аясында шешілуі бойынша жұмыстар атқаратындарын жіткізіп, бағыт-бағдар мен кеңестер берілді.
Айтылған мәселелер шешімін тапқанға дейін партияның назарында болады.
Мобильді топтардың мақсаты шалғай орналасқан елді мекендердегі тұрғындарды қабылдап, олардың әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің шешілуіне ықпал ету, бағыт-бағдар мен кеңестер беруді көздейді.