Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАРТОҒАЙДА КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ТАРТОҒАЙДА КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін Тартоғай ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарының жеке мәселелері бойынша мобильді қабылдау өтті.
Мобильді топтың қабылдауына арнайы келген шалғай елді-мекеннің тұрғындары ауыл ішіндегі қордаланған мәселелерді назарға ұсынып, шешілу жолын қарастыруды партияға сеніп тапсыратындарын айтты.
Қабылдау барысында Тартоғай ауылдық округі бойынша газ құбырының және орамішілік газ тарату желілерінің құрылысы; №153 Ш.Есенов атындағы мектеп -лицейге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу; Тартоғай ауылдық округі, Кірпіш зауыт елді мекеніндегі Д.Ершоқаев көшесінің қалған бөлігіне орташа жөндеу (400 м)жұмыстарын жүргізу; Тартоғай ауылдық округі бойынша электр желілерін толық жаңарту; Тартоғай ауылына дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу; Тартоғай ауылдық округі, Кірпіш зауыт елді мекеніндегі қираған ғимараттардың қалдықтарын тазалауды тиісті мекемлердің жүргізуіне ықпал жасау; Егін егу науқанында «Жүнісәулие» аумағына аяқ сумен қамтамасыз ету және аяқ су жолдарын ашу және өзге де ортақ өзекті мәселелерді көтеріп 13 адам қабылданды.
Мәселен, ауыл тұрғыны зейнеткер, ауылдық қауымдастық төрағасы Қалмырза Байназаров 2005 жылы пайдалануға берілген №153 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жасап беруді сұрайды.
Мобилді топ өкілдері ауыл тұрғындарының әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ өзекті мәселелерінің заң аясында шешілуі бойынша жұмыстар атқаратындарын жеткізіп, бағыт-бағдар мен кеңестер берілді.
Айтылған мәселелер шешімін тапқанға дейін партияның назарында болады.
Мобильді топ құрамына: Мақсұт Нәлібаев - облыстық партия филиалының Саяси кеңес мүшесі, облыстық маслихаттың депутаты; Нұрлан Абдукаримов – облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі; Өмірзақов Нұржан Егізбайұлы – облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы; Сақтағанова Ғазиза Әбдіғаппарқызы – облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы; Дүйсембаева Гүлзия Қараманқызы – облыстық білім басқармасының бөлім басшысы енгізілген.
Сонымен қатар қабылдауға «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық, аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов, аудандық білім бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова, аудандық Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дана Аман, Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Аманжолов, Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Бақытжан Байділдаев қатысты.


10 қараша 2023 ж. 260 0