«АУЫЛ КҮНДЕРІ» ҚУАНТТЫ

Аудан орталығындағы «Денсаулық аллеясында» бұл күні Сұлутөбе мен Майлытоғай ауылдық округтерінен келген ағайындар айналаны шатшадыманға бөлеп, бір қуантып тастады.
Шараның басы-қасында жүрген аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев «Ауыл күндері» тек қана «Руханият» орталығында ғана емес, халыққа келіп-кетуге ыңғайлы болу үшін Шиелі кентінің әр жерінде өткізілетінін тілге тиек етті.
Реті келгенде айта кетейік, ендігі «Ауыл күндері» Мұстафа Шоқай атындағы орталық алаңда өтпекші. 5-ші қыркүйек күні өткен шараға келсек, ол өте жоғарғы деңгейде ұымдастырылды деуге болады. Негізі мұндай шаралардың жақсы өткізілуі ауыл әкімінің қабілет-қарымы, беделі мен абыройына байланысты. Кәжденбек те, Әбілқасым да көпті көрген тәжірбиесі мол сақа жігіттер. Екеуі де шараның басы қасында жүріп аудан халқының ризашылығын алды. Этно ауыл, қолөнершілердің көрмесі концерттік бағдарлама көрермендерді шаттық пен қуанышқа бөледі.
Аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергенов аталған елді мекендер өзіндік ерекше орны бар, тарихы терең, болашағы баянды ауылдар екенін атап өтті.
Мысалы, Сұлутөбе ауылдық округіндегі Мұстафа Шоқай, Жаназар батыр, 1 мамыр елді мекендері жұдырықтай жұмылып, осы шараға атсалысты. Майлытоғай ауылы өзінің төл перзенті Дүйсенкул Тәжіковамен мақтана алады. Кәсіпкер ханым ауыл экономикасы мен әлеуметтік саласына өзінің қомақты үлесін қосып жүр.
Қыркүйектің тамаша кешінде ұйымдастырылған жәрмкеңкеде ауыл кәсіпкерлері дайындаған сары май, ірімшік, жент қаймақ, айран, құрт, қауын-қарбыз, жеміс-жидек тағы да басқа ауыл шаруашылығы өнімдері жұртшылықтың көңілінен шықты.
Айдар БАҚЫТЖАНҰЛЫ