Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НАСИХАТТАЛДЫ

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НАСИХАТТАЛДЫ

Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай, Шиелі ауданында ауылдардың әлеуметтікэкономикалық әлеуетін арттырып, тұрғындардың белсенділігін ынталандыруды көздеген «Ауыл күндері» байқауы «Руханият орталығы» алаңында әр жұма сайын жалғасын тауып келеді.

Ауқымды байқау – ауыл тіршілігін жандандырып, еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге, ынтымақ пен бірлікті нығайтуға бағытталған игі бастама. Байқау аясында елді мекендерді абаттандыру, мәдени іс-шаралар, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері ұ й ы м д а с т ы р ы л ы п , ж ұ м ы с ш ы мамандықтарының маңызы кеңінен насихатталуда. Өткен жұма кешінде «Ауыл күндері» байқауы Ақмая және Жиделіарық ауылдары арасында өтті. Берекелі бастамаға үн қосқан екі ауыл «Руханият» орталығының алаңына киізүй тігіп, ауыл өнімдерінен көрме жасап, ұлттық құндылықтарымызды насихаттады. Шараға арнайы қатысқан аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев байқаудың мәні мен мазмұнына тоқталып, осындай игі бастаманың ауыл өміріне тың серпін беретінін жеткізді. Фестивальде ауыл өнерпаздары ауыл тарихынан сыр шертетін қойылымдар қойып, жырдан шашу шашып, ақындар арнау өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін көрмелер ұйымдастырылып, ауылдың бренд өнімдері көрермен қауымына ұсынылды.

«Өскен өңір» ақпарат

29 шілде 2025 ж. 56 0