АУДАН АРДАГЕРЛЕРІ «РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, руханиятымызға баса мән беруіміз қажет» - деген болатын.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Нұртөре Жүсіп, Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Аманжол Әлтай, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, облысқа арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, сондай-ақ, Мәдениет министрлігі мен Жазушылар одағының өкілдері арнайы қатысуымен «Руханият орталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың қатысуымен аудан ардагерлері «Руханият орталығының» жұмысымен танысып, халық игілігі үшін пайдалануға берілген нысанның жұмысына оң бағаларын берді.
Айта кетейік бұл орталықта тарихи өлкетану музейі, ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес, әйелдер кеңесі, аудандық кітапхана, аудандық архив, жастар ресурстық орталығы, қоғамдық келісім орталықтары қамтылған.