Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫРЫҚ БАЛАНЫҢ ҚҰШАҒЫН ГҮЛГЕ ТОЛТЫРДЫ

ҚЫРЫҚ БАЛАНЫҢ ҚҰШАҒЫН ГҮЛГЕ ТОЛТЫРДЫ

Белгілі бағбан Әлияр Сейітов биыл он бірінші мәрте 1 сынып оқушыларының жүзіне қуаныш сыйлады. Білім күні қарсаңында жылдағы дәстүрден жаңылмай, 40 баланың құшағын гүлге толтырды.
Еңбек адамы 1 қыркүйек күні Алмалы, Жансейіт және 21-бекеттің кішкентай тұрғындарына қалампыр, раушан гүлдерінен гүл шоғын ұстатты. Мерекелік шараға қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмаил, әйелдер кеңесінің төрайымы Н.Палымбетова, аудан ардагерлері, мектеп басшылары мен ұстаздар оқушыларды білім күнімен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.
– Адамның өмірі баламен қызық қой. Қазақта «Бір адам жаққан отқа мың адам жылынады» деген жақсы сөз бар. Гүл таратудағы басты мақсатымыз – мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалардың көңілін көтеру. Екіншіден, оқушылар болашақта еңбекқор болса, гүлдей құлпырып жүрсе деген ниет. Адамгершілік қасиеттерін бүлдіршін кезінен бала бойына сіңіру тек ата-ана мен мұғалімдердің мойнындағы міндет емес. Кез келген адамның жақсылығын көрген бала, өскенде айналасына шуағын төгіп жүретін болады, – дейді бағбан.
Иә, осыдан он бір жыл бұрын Әлияр Сейітов өсірген гүлзарды алғаш құшағына алған бүлдіршіндер бүгін таудай болып өсіп, үлкен өмірге қанат қаққалы тұр. Ал бұйырса бағбан әлі талай баланың жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастауына себепші бола бермек.

«Өскен өңір» ақпарат
04 қыркүйек 2025 ж. 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031