Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЙҚЫННЫҢ АЙҚЫН ЖОЛЫ

АЙҚЫННЫҢ АЙҚЫН ЖОЛЫ

№150 орта мектептің 9-сынып оқушысы Айқын Егенбергенұлының есімі тек туған ауылы Ортақшылда ғана емес, бүкіл аймақ көлемінде мақтанышпен айтылуда. Себебі Айқын – ерік-жігерімен, табандылығымен және спортқа деген ерекше сүйіспеншілігімен көпшілікке үлгі бола білген жас спортшы.


Айқынның спортқа алғашқы қадамы қазақ күресінен басталды. Ол 5-7-сынып аралығында қазақ күресімен шұғылданып, аудандық жарыстардың жеңімпазы әрі жүлдегері атанып жүрді. Бұл спорттың қыр-сырын меңгеруі оған алдағы жарыс жолында зор серпін берді. Кейін 7-сыныптан бастап Айқын гір спортына бет бұрды. Бұл – көп дайындықты, шексіз шыдамдылық пен бұлшық етті бақылауда ұстай білуді талап ететін ерекше спорт түрі. Ол аудандық және облыстық жарыстарда бірнеше мәрте топ жарып, өңір намысын абыроймен қорғады. Спортшының ерекше жетістіктерінің бірі – жастар мен жасөспірімдер арасындағы облыс біріншілігінде 68 кг салмақ дәрежесінде І орын иеленуі болды. Бұл – оның үлкен спорттағы әлеуетін айқындаған сәттердің бірі. 2 6 - 3 0 с ә у і р а р а л ы ғ ы н д а Ө з б е к с т а н Республикасының Ханабад қаласында өткен әлем чемпионаты Айқын үшін спорттағы ең биік белестердің бірі болды. Бұл додада ол 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қола медальді қанжығасына байлады. Әлемнің түкпіртүкпірінен келген мықты қарсыластармен сайысқа түсу – оның тәжірибесін арттырып, спортқа деген сенімін еселей түсті. Айқынның табыстары, әрине, тек өз күшжігерінің ғана емес, жаттықтырушылары Әлішер Сәруардин мен Қабыланбек Назарбековтің де еселі еңбегінің жемісі. Ұстаздарының білімі мен тәжірибесі, спортшыға деген сенімі Айқынның өсу жолындағы басты тіректердің бірі болды. Жас спортшының бүгінгі жетістігі – ертеңгі жеңістердің бастауы ғана. Айқын Егенбергенұлы тек жеке жетістіктерге жетіп қоймай, өскелең ұрпаққа, ауыл жастарына, замандастарына үлкен үлгі бола білді. Оның арманы – Қазақстанның атын әлемдік ареналарда танытып, көк байрағымызды көкке көтеру.

Нұрмұхаммед САҒЫНТАЙ,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің І курс студенті
24 мамыр 2025 ж. 58 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9306)

28 мамыр 2025 ж.

№38 (9305)

24 мамыр 2025 ж.

№37 (9304)

20 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031