Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел ырзығының алтын бесігі болған Шиелі

Ел ырзығының алтын бесігі болған Шиелі

Құрметті шиелілік жерлестерім!
Қасиет қонып, қыдыр дарыған Шиелі ауданының құрылғанына биылғы жылы 95 жыл толып отыр. Шиелі ауданы 1928 жылы іргетасы қаланып, бүгінгі тарихында ерлік пен елдіктің, ынтымақ пен бірліктің куәсіндей үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, қасиетті мекенге айналды.
Бүкіл қазақ халқы Шиелі топырағынан шыққан болмысы бөлек ұлы тұлғалармен мақтана алады. Алты Алаштың ардақтысы Мұстафа Шоқай, атақты әнші-балуан Иманжүсіп, Сыр сүлейлері Бұдабай, ағайынды Мәнсүр мен Нартай Бекежановтар, қазақ ғылымы мен әдебиетінің көрнекті өкілдері Қалжан, Әлібек, Әуелбек Қоңыратбаевтар, Қалқаман Әбдіқадыров, Әбділда Тәжібаев, Шахмардан Есенов, Мырзабек Дүйсенов, Мүсілім Базарбаев, Асқар Жұмаділдаев тағы басқа да рухани тұлғалар, екі мәрте Еңбек Ері Ыбырай Жақаев бастаған 41 Еңбек Ері бұл аймақтың құнарлы да киелі аймақ екендігін білдірсе керек.
Тәуелсіздіктің алғашқы отыз жылында аудан толағай табыстарға қол жеткізді. Мәдениет, руханият, бизнес, агросекторда серпіліс қарқынды, өсім жетерлік. Ел экономикасын сауықтырып, халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында әр салада ауқымды жобалар ұдайы жүзеге асырылуда.Дала төсінен ырзығын жиып, ауыл шаруашылығын өркендетіп отырған диқандар еңбегі елеулі. Жері шүйгінді, көк майсалы Шиелі малшылары да төрт түлігін төлдетіп, өсіп-өнуде.
Бұл қол жеткен жетістіктер мен қыруар тірліктер елдің жұдырықтай жұмылуы, халықтың ынтымағы мен ауызбіршілігінің көрсеткіші деп білемін. Халқымыздың тарихынан талай сыр шертетін, құт дарып, бақ қонған қасиетті жер Шиелінің әлеуеті жақсарып, экономикасы артып, күннен-күнге жасарып, жаңару үстінде. Салтын берік сақтап, халықтық дәстүрге тірек болған Шиелі халқы барлық бастамаларға қолдау білдіріп, Ел Президентінің бағдарламаларын орындаудың үлгісі болып келеді. Ел мен жердің даңқы, өскен өңірдің келешегі жаңғырып дамудың жаңа сатысына көш бастады.
Баршаңызды бақ пен берекенің, ынтымақ пен ырыстың, ел ырзығының алтын бесігі болған Шиелі ауданының 95 жылдық мерейлі тойымен құттықтаймын! Ұлтымыздың мызғымас бірлігі мен ыдырамас ынтымағы арта берсін!

Мұрат Бақтиярұлы,
мемлекет және қоғам қайраткері,
саяси ғылымдар докторы, профессор,
Шиелі ауданының «Құрметті азаматы»
17 қазан 2023 ж. 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031