Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨТКЕН КҮНДЕР СӨЙЛЕЙДІ

ӨТКЕН КҮНДЕР СӨЙЛЕЙДІ

Шежірелі Шиелінің билері

Атағы Алты Алашқа мәлім болған үйсін Төле би Әлібек ұлы, Қаракесек Қаздауысты Қазыбек би Келдібекұлы, Алшын Әйтеке би Байбек баласынан бөлек тарихи деректер бойынша Қазақтың 100 биінің ішінде Шиелі өңірінде мынадай билер өмір сүрген Досбол би Қорлыбайұлы, Балаби (Бименбет) Есеналыұлы, Бұлтың аталығында – Арғынбай би, Көзей аталығында – Туғанбай би, Арғын аталығында – Айтілеу би, Найман аталығында – Қасқа би, Тұяқты аталығында – Өркен би, Абыз аталығында – Тоба би, Тарақты аталығында – Қосжан би, Бошай аталығында Әжібай би, сондай-ақ Тұрсынбай, Мыңбай, Бәубек датқалар болған.

Шиелі топырағындағы қасиетті бабалар

Асан Ата, Оқшы Ата, Ғайып Ата, Қыш Ата, Есабыз Ата, Кітап Ата, Хазірет Ата, Иман Ата, т.б. Бүгінде бабалар кесенесі орнатылып, зираттары қайта жөнделіп, жаңартылды.

Шиеліден өрбіген қазақ батырлары

Жаназар батыр Бәйбекұлы – Кенесарының жорығына қатысқан, Баспақ батыр, Мыңбай батыр – Қоқан озбырлығына қарсы шайқасқан, Жарқайын батыр, Баубек батыр, Ерке, Серке батыр, Томан батыр, Әбсаттар батыр, Жақып батыр, Қайшықты батыр, т.б.

Шиелілік ақын-жазушылар

Досбол Қорлыбайұлы, Бұдабай Қабылұлы, Мәнсүр Бекежанов,
Нартай Бекежанов, Қалмахан Әбдіқадыров, Қуаныш Баймағанбетов, Әбділда Тәжібаев, Тілеген Шопашев, Сейтқасым Сейтенов, Әуелбек, Әлібек Қоңыратбаевтар,
Таубай Қирабаев, Оразбек Сәрсенбаев, Сәрсенбек Жұмабаев, Қаржаубай Омаров, Сұлтанәлі Балғабаев, Оразбек Бодықов, Дүйсенбі Смайлов, Ғабиден Құлахметов, Шаймахан Өтеев, Әбдулхамит Исаев, Мәрия Жұматова, Серік Байхонов, Мұрат Күлімбетов, Сәрсенбек Бекмұратұлы, Қатира Жәленова, Қаршыға Есімсейітова, Дәулетбек Байдрахманұлы, Дархан Сапаров, Арзулла Молжігітов, Махамбетқали Тұрсанов, Айдар Достияров, Нұрмахан Қасымов, Мырзақасым Төлепбергенов, Әбдікерім Алдабергенов, Мақсұт Әбдімомынов, Қуандық, Қуаныш Түменбаевтар, Нұртөре Жүсіп, Нұрмахан Елтай, Кенжебай Жүсіпов, Нуриддин Айып, Алтай Айып, Ерғара Жолдасов, Нұрмахан Қасымов, Жалғас Таспамбетов, Тойбек Жұманов.

«Өскен өңір» газетінің
1998 жылғы №40-41 сандарынан.
01 сәуір 2018 ж. 2 661 0