Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨЗ ҮЙІНДЕ ТЕРБЕЛІП, ӨЗГЕ ҮЙДЕ БЕСІК ТЕРБЕТКЕН

ӨЗ ҮЙІНДЕ ТЕРБЕЛІП, ӨЗГЕ ҮЙДЕ БЕСІК ТЕРБЕТКЕН


Дана халқымыз «ананы сыйламаған, ел қамын ойламаған» дейді. Ана – барлық көркемдіктің үлгісі. Өз үйінде тербеліп, өзге үйде бесік тербеткен қаракөздер ұрпағымен мың жасаған алдыңғы буын аналардың жүрген жолын жалғап келеді. «Алтын алқалы» алтын құрсақ аналарымыз жайында, нақтырақ, көпбалалы жас батыр ана хақында бірер сөз қозғағанды жөн көрдік.
«Бір қозы туса – бір түп жусан артық өседі» – деп қазақ атам айтқандай, «Әр бала өз несібесімен», – деп сөзін бастаған батыр ана Мақпал Әлімханова бүгінде отағасы Қайрат ағамызбен бірге жеті баланы тәрбиелеп отыр. Шаттығы үзілмеген шаңырақта болып, «балалы үй – базар» дей-тұғын сөздің тегін айтылмағанына көз жеткізерсің. Перзентсіз өмір – бірде-бір сөз жазылмаған бос кітап сияқты. Уақыт, шіркін, үңілмейді, тек парақтайды. Ұлағатқа толы үлкен бір кітап жазды деп білеміз ендеше, бүгінгі кейіпкерімізді.
Перзенттерімен жетілген, ұрпақтарымен ұлық болған ел аналарын білеміз. Ежелден балажан қазақ бала сүйіп, өсіріп, тәрбиелеуді өмірдің мәні мен мағынасына балаған. Хакім Абай да «Адамның бір қызығы – бала деген» деп өсиет қалдырды. Сол аналарымыздың бүгінгі сіңілілерінің бірі – Мақпал Әлімханова жеті перзентін елмен бірге жеткізіп келеді. Ұрпақты ұлттың жалғасы деп қараған бабаларымыз өзге жұрттан ұрпақ тәрбиесіне деген ынта-ықыласы мен ниеті арқылы озық тұр. Ұл мен қызына мейілінше тәрбие беріп, болашақтарынан мол үміт күткен жас ананың алдағы күнге арманы асқақ. Себебі, Алаштың ақыны Мағжан Жұмабаев «Жас бала – жас шыбық. Жас күнінде қалай иіп тастасаң, солай өседі» демейді ме? Сондай-ақ, сәбиін бесік жырымен жұбатып, әнмен әлдилеп, ертегімен елітіп, жыр-дастанмен құлақ құрышын қандырып өсірген жас батыр ананың перзенттерінің де келер болашақта бағындырар биігі мол екеніне сенеді.
Шуақты көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі – өзі үшін емес, тек өзгелер үшін жаралған асыл аналар, ару қыздар, кербез келіншектер, ажарынан тек күлкінің самалы ескен аяулы жеңгелердің төл мейрамы қарсаңында алтын құрсақты батыр ананы және барша қыз-келіншектерді құттықтаймыз!

Бақытжан МӘДЕНОВ.
08 наурыз 2018 ж. 3 843 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031