Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыршылар фестивалі өтті

Жыршылар фестивалі өтті

Кеше «Арман» мәдениет үйінде ­аудан әкімінің орынбасары Болат Ысмағұловтың қатысуымен Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына арналған «Қазаққа аты мәшһүр Иманжүсіп» атты республикалық әнші-жыршылар фестивалі өтті.
Шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы», аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Нәйла Палымбет, «Арман» мәдениет үйінің директоры Нұргүл Шалекеева, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында ­аудан әкімінің орынбасары Болат Ысмағұлов сөз алып, ­фестивальғв қатысушы әнші-жыршылардың өнеріне сәттілік тілеп, шығармашылық табыс тіледі.
– Қазақы қалпын сақтаған киелі өңіріміз түркі дүниесінің мәдени бесігі, ұлы ойшылы, абыз Қорқыттан қалған ұлы мұраның иесі екендігімен де мақтана алады. Сондай-ақ Сыр елі – Қорқыттан бастау алатын жыраулық дәстүрдің мектебін қалыптастырған Балқы Базар, Кете Жүсіп, Дүр Оңғар, Тұрмағамбет, Нартай, Нұртуған сынды дүлдүлдер дүниеге келген жер. Сырдың жыршы-жыраулары әр жылдары Жапония, Франция, Қытай, Моңғол елдерінде өткен фольклорлық фестивальдарда жыр төгіп, тыңдаушысын тамсандыра білді.
Міне, сондай ауқымды жыр фестивалі – бүгін киелі Шиелі жерінде атақты батыр, жыршы, келешекке өшпестей етіп ерлік пен елдіктің, теңдік пен еркіндіктің үлгісін қалдырған Иманжүсіп Құтпанұлы атында өткізілмек. Мұндай Республикалық деңгейдегі шаралар бабаларымыздың тарихы мен мәдениетін тереңдете зерделеуге мүмкіндік береді деген үміттеміз, – деді аудан әкімінің орынбасары Болат Ысмағұлов.
Айта кетейік, бүгінгі фестивалге Астана, Шымкент, Петропвал, Қызылорда облыстарынан және Шиелі, Қазалы, Арал аудандарынан әнші-жыршылар қатысып, бақ сынауда.
Шара соңында аудан әкімінің орынбасары фестивалге қатысушы өнерпаздарға дәстүрге сәйкес бағалы сыйлықтар табыстап, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Дархан Ғалымжанұлы
28 ақпан 2023 ж. 315 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031