Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қартымызды қамқорлай жүрейік» айлық акциясына қатысуға шақырамыз

«Қартымызды қамқорлай жүрейік» айлық акциясына қатысуға шақырамыз

Құрметті шиеліліктер
1 қазан – Халықаралық қарттар күні жақындап келеді. Бұл күн біздің аға буынға ризашылығымызды білдіріп, шынайы көңіл бөлуімізге мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың қажеттіліктеріне назар аударуға жақсы себеп.
Қарияларды қолдау, оларға қамқорлық көрсету аға буынға көрсеткен парызымыздың аз ғана бөлігі. «Ардагерлер ұйымы», республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен жылдар бойы елімізде қазан айы, «Қарттарымызды қамқорлай жүрейік» айлығы акциясы өтіп келеді. Қазақ халқының дәстүрінде үлкенді сыйлап, ақылын тыңдап, алдынан кесе көлденең өтпеген. Елімізде қарт адамдарға деген қамқорлақ жыл сайын артуда. Мемлекетіміз қарт адамдарға деген қамқорлығын тоқтатқан емес. Дегенмен, ауданда әлі де болса әлеуметтік көмекке мұқтаж егде адамдар баршылық. Кейбір адамдар жасы ұлғайған шағында жылулық пен мейірімге зәру. Барлық шиеліліктерді, жұмыс беруші жеке кәсіпкерлерді, бизнес құрлыс өкілдерін, қысқасы қалталы да қайырымды жігіттеріміз бен қыздарымызды аға буынның ел игілігіне қосқан еңбегін ұлықтауға, марапаттауға, «Қарттарымызды қамқорлай жүрейік» айлық акциясына атсалысуға шақырамыз. Шиелінің патриоты ретінде акцияға бей-жай қарамайтын азаматтар ауылдық округ әкімдіктерімен ауыл ардагерлер ұйымдарымен байланысқа шығып, үлестеріңізді қосуларыңызды ­сұрай­мыз!

Шиелі аудандық ардагерлер кеңесі
22 қыркүйек 2022 ж. 238 0