Қарттар күніне орай ішкі істер саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Kyzylorda-news.kz. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 1990 жылғы 14 желтоқсандағы кезекті отырысында 1 қазан – Дүниежүзілік қарттар күні деп белгіленгеннен бері елімізде жыл сайын осы күн кеңінен аталып өтіліп, қарияларымызға құрмет көрсетіліп келеді. Айтулы күнге орай, қызылордалық полицейлер салтанатты іс-шара өткізді. Іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, департамент және басқарма басшылары мен жеке құрам қатысты.
Өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде алып бәйтеректей бір әулеттің ақылшы тірегі, ұжымның арқа сүйер ардагерлерін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан Жеңісбайұлы құттықтап, оларға алғыс білдірді.Шара барысында Қызылорда облысы ішкі істер органдарының зейнеткерлерін марапаттау туралы департамент бастығының бұйрығына сәйкес бірқатар ардагерлер марапатталды.
Салтанатты іс-шара полиция қызметкерлерінің мерекелік концертіне ұласты. Ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқан ардагерлер өз кезегінде іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.