Қарттарға құрмет көрсетілді
Жыл сайын елімізде Қарттар күні тұрақты аталып өтіледі. қоғам аға буын өкілдеріне зор құрмет көрсетіп, олардың аса құнды кеңестері мен ақыл парасатын, ғұмырлық ғибратын үлгі тұтатындықтан қарттар күні аса қастерлі мейрам саналады. 1 қазан – Қариялар күні Шиелі аудандық балалар кітапханасы мен аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен «Думан Шиелі» арнаулы әлеуметтік сауықтыру орталығында ем алушы қарттарға арналған «Өмір күзі жылы болғай» атты мерекелік кеш өтті.
Бағзыдан халқымыз қашаннан бері қарияларды құрметтеп, қадірін парықтай алған. Айтқандары бір елге мұра болар, болашақты болжаған ғұламалар да – осы қариялар. Алаштағы айтулы ақын М.Мақатаевтың «Мен қарапайым қарттарды сүйемін» деуінде де терең бір сырдың қайнары жатса керек. Не керек, қарты бар елдің қазынасы сарқылмақ емес. Қазақ үшін қай заманнан бері құрметтің де, сый-сияпаттың да қомақтысы – кешегі ата-ана, бүгінгі қарияларға арналған. Ел ішінде ертеден келе жатқан үлкенді сыйлау үрдісінің бұзылмай бүгінге жеткені дәстүр сабақтастығы емей не?! Оның өзі – осы қарапайым қарттардан қалған жоралғы.

Біздің қарияларымыз – еліміздің алтын қоры, салт-дәстүрдің шырақшылары, патриотизм мен іске адалдықты, асқан төзімділік пен табандылықты қалыптастырушы буын. Оларға құрмет көрсетілген шараға «Думан-Шиелі» орталығы директорының орынбасары Б.Исламханов та арнайы қатысып, қарияларды құттықтады.
– Бүгінгі шарада біздің орталықта демалып, ем алып жатқан қарттарымызды ұлықтап, оларға жылы ілтипат білдірді. Мұндай жүздесулер олар үшін өте маңызды. Өйткені осындай шараларда қариялардың көңілі көтеріліп, бір сәтке сырқаттарын ұмытады. Сондай-ақ, оқушылар да үлкенді сыйлау, құрметтеу секілді қасиеттерді тереңірек ұғынады, – дейді Бақытжан Исламханов.
Сондай-ақ, қарттарға аудандық «Раушан гүл» үйірмесінің оқушылары концерттік бағдарлама ұсынды. Жасы егде тартқан, жүздерін жылдар өз ізін қалдырған аяулы қарттарымызға көптеген жылы сөздер айтылды. Одан соң, Шиелі аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Гүлзира Қоңыратбаева, Шиелі аудандық оқушылар үйінің «Раушан гүл» үйірмесінің жетекшісі Айгүл Әбілдашеевалар орталықта ем алушыларды қарттар күнімен құттықтап, лебіздерін білдірді.
Шара соңында өздеріне көрсетілген ықылас пен қошеметке риза болған қарттар мен ақжаулықты аналар алғыстарын айтты. Қоғамдағы бейбітшілік, тұрақтылық пен тыныштық біздің балаларымыз бен немерелерімізге ертеңгі күнге деген сенімді кепіл, әрі аға ұрпақтың тамаша дәстүрлерін келешекте жалғастырып, байыта түсулеріне мүмкіндік береді, – деген сенім әр көңілде атойлап тұрғаны анық.
Шапағат Тілеубаев