Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАРҚЫН СӘТТЕРДІҢ ЖАРШЫСЫ

ЖАРҚЫН СӘТТЕРДІҢ ЖАРШЫСЫ

Білім күнімен қатар келген ­Жолдауында Мемлекет басшысы экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, бизнес салаларына айқын тоқталды.
Ел Президентінің Жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа Жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей болды. Әсіресе Президенттің ел ­дамуы үшін жасалатын қадамдарды қадап тұрып айтуы жұртшылықтың көңілінен шықты. Бір сөзбен айтқанда, Жолдау өзіндік нақтылығымен, ұғынықтылығымен ерекшеленді.
Бұдан өзге Жолдауында бірқатар мәселе көтеріп, үкіметке түрлі тапсырма берді. Атап айтқанда, ең төменгі жалақыны 70 мың теңгеге дейін өсіру, бала күтіміне берілетін төлемді бір жарым жасқа дейін ұзарту, Ұлттық қор табысының 50 процентін балалардың есепшотына аудару, әйелдердің зейнетке шығу жасын 61-ге дейін төмендету, президент өкілеттігінің мерзімін 7 жылға дейін қысқарту, бірақ қайта сайлануға тыйым салу секілді еліміз үшін аса маңызды ұсыныстар айтылды.
Ендеше, ел тұрғындары мемлекет басшысы межелеп берген бағытты нық ұстап, экономикамызды жақсарту жолында жұмылған жұдырықтай жинақы жұмыс істеуіміз қажет. Қазіргідей жаңарған жаңа заманда еліміздің әрбір азаматы жоғары білім мен табанды еңбектің нәтижесінде ғана биік белестерден көрінетіні анық. Сондықтан ел азаматтары, Отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге тырысуы қажет.
Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, мен бұл Жолдау бүкіл халық үшін қуатты жұмылдырушы бас­тама болатынына сенімдімін. Қазақстан халқын мемлекет басшысы Жолдауының міндеттерін орындау үшін топтасуға және бірге тұрақты, гүлденген Қазақстан құруға шақырамын. Бұл жолдау мерейлі мекеніміз – Қазақстанды биік белестерге жетелеудің бағыт-бағдарын айқындап берді.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Құттықыз Ыханова,
Ы. Жақаев атындағы күріш өсіру
тарихи музейінің директоры
14 қыркүйек 2022 ж. 251 0