Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарды жігерлендірді

Жастарды жігерлендірді


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауының өзіндік ерекшеліктері өте көп.
Әсіресе, жастарға осы Жолдау керемет жаңалық сыйлап отыр. Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауы, соған орай ауқымды шаралар ұйымдастыруды әкімдіктерге тапсыруы, әсіресе, «Жастардың отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс» деп қадап айтуы жалын жігерлі жастардың ертеңгі күнге деген сенімін еселей түсті.
Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы. Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюда. Жастар өз күш-жігерлерін, білімдерін тәуелсіз елінің гүлденуіне жұмсамақ. Бұл дегеніміз осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп келе жатқан қамқорлықты одан әрі дамытып, тұтастай ұрпақ ісін жан жақты қолдау. Қорыта келгенде, Жолдау жұртшылықтың тілегімен тығыз үндесіп тұр.

Нұрсұлтан Сапарбаев,
аудандық жастар ресурстық орталығының
кеңесшісі.
09 қазан 2018 ж. 1 111 0