ЖІГЕР СЫЙЛАҒАН ЖҮЗДЕСУ
Жастар – еліміздің күш-қайраты. сондықтан, аға ұрпақ жастардың болашағына үміт артады. Олар үнемі жақсы істердің басында болуы қажет. Елге намысшыл жастар керек. Желтоқсандағы Ербол мен Қайрат, Сәбира мен Ләззат сияқты жастардың қайтпас қайсарлығы, батылдығы мен жарқылдаған жалыны бодандықтың қамытын серпіді. Көреген жас көкжиекке қарап өседі. Қазақстан – туған еліміз, оны сүйіп, құрметтеп, өсіп-өркендеуіне үлес қосу – әрбір жастың парызы. Елбасымыз – Қазақстан елін дамытып, одан әрі өркендеуіне басшылық етіп отырған ерекше тұлға. Осындай жігерлі, қайратты, дана Елбасымен мақтанғанның өзі – бақыт.
Адам мақсатына тек еңбекпен, біліммен ғана жетеді. Қоғам тағдыры, мемлекет тағдыры білімді ұрпақ – жастардың қолында. Бұл туралы сейсенбі күні облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев ауданда болып, бірнеше ауыл жастарына түсіндірді.
Атап айтқанда, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ақмая, Бидайкөл, Төңкеріс, Еңбекші ауылдық округтерінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді.
Жиын барысында Еркебұлан Қайырбекұлы дүниежүзінде болып жатқан өзгерістер, даму көрсеткіштері, күн санап жаңарып жатқан технологиялар жайында сөз өрбітті. Жолдаудағы жетінші бағыт бойынша, яғни, білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту тиіс екенін атап өтті. Ол: «Бүгінгі меңгерген мамандығың ертең қажет болмай қалуы мүмкін. Сондықтан, заман талабына сай бет бұрып, соған лайықты білім алуларың керек», – деді.
Жүздесуде жастардың сауалына да жауап берді. Болашақтарына бағыт сілтеп, білім алудың қажеттілігін баса айтты жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.
Е.ДАТҚА.