ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ – ГҮЛДЕНГЕН ЕЛ
Сыбайлас жемқорлық – елдің дамуына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты өзінің кезекті Қазақстан халқына Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылады.
Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға отыз жылдан асты. Өткенімізге көз салсақ, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Əрбір азаматтың жемқорлыққа қарсы күресі жанжақты үздіксіз, ашық əрі əділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойылған мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел! Болашағымыз, еліміз гүлдене берсін!
Жанат КЕНЕБЕКОВА,
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің
Шиелі аудандық филиалының архивисі