Шөп те болса, көп болсын
«Қыстың қамын жазда ойла» деген аталы сөз былтыр өзінің өміршеңдігін көрсетті.
Содан болар биыл шиелілік шаруалар ерте көктемнен мал азығының жайына кірісіп, олардың әрекеті берекетке ұласып, жауын-шашын да мол болды. Былтырғы жылы аудандағы 96 мыңнан астам төрт түлік малға 137 700 тонна шөп (оның ішінде жоңышқа шөбі 55 966 тонна), 29 200 тонна сабан, 49 900 тонна жем дайындалған болса, биыл оның көлемі 6 процентке артық дайындалды. Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков те бұл сөзімізді растап отыр. Оның айтуынша биыл шиелілік шаруалар 10 мың гектардан астам аумаққа мал азығына жататын әртүрлі дақылдарды орналастырған. Оның ішінде жаңа жоңышқа – 3400, ескі жоңышқа – 6800, асқабақ – 150, арпа 60 гектар жерге егілген. Сол 10 мың гектар аумаққа орналастырылған шөпті жинау жұмыстары да қызу жүруде.

– Қазірдің өзінде алдағы мал қыстату кезеңіне жоспарланған 145,3 мың тонна шөптің 50 процентін, яғни 72,6 мың тоннадай шөп, жемнің 50 процентке жуығын жинап қойдық. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғаса береді, – дейді Мұрат Әшірбеков.
Шиеліде жоңышқа пресі 75 процентке арзандаған
Шаруа қожалық төрағалары да шөптің шығымына разы. Мәселен, «Төңкеріс» шаруа қожалығы төрағасы Бауыржан Көпеев:

– Биыл 45 гектарға жаңа жоңышқа, 150 гектарға ескі жоңышқа орналастырдым. Былтырғымен салыстырғанда жоңышқаның шығымы, өнімділігі жоғары болып тұр. Сондықтан биыл өткен жылғыдай тапшылық болмайды деп сенеміз, – дейді.
Ал «Бидайкөл» шаруа қожалығының төрағасы Талғат Байдалиевтің айтуынша өткен жылы 1000-1500 теңгеден саудаланған жоңышқаның пресі бүгінде 350-400 теңгеден сатылып жатқан көрінеді.
– Тіпті ауылдарда шөп тиеп алып сата алмай жүрген көлік көп. Тұрақты түрде біздің қожалықтан шөп алғысы келетін мал фермалары болса, біз олармен қуана-қуана ұзақ уақытқа келісім-шартқа отыруға дайынбыз, – дейді Талғат Байдалиев.
Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ