15 жасында клуб салдырған
«Өскен өңір» газетінде (24.08.2021) жарияланған «ТУҒАН ЖЕРДЕН ЖҮРСЕ-ДАҒЫ ЖЫРАҚТАП...» деген мақалаға орай ой-пікір
Сәрсенбек Бекмұратұлымен бірге өстік, бірге оқыдық. 6-7 класс оқып жүргенде-ақ Алматыдағы «Балдырған» журналы мен «Қазақстан пионері» газетінен хат алып тұратын. Мектептің қабырға газетіне өлең, тақпақ, мақала жазып жүретін. Кейде қабырға газетін үйіне алып кетіп, өзі жазып, дайындап әкелетін.
Ауылда клубтың жоқтығы жасөспірімдер былай тұрсын, ересек кісілерді де толғандыратын. Бірде Сәрсенбек «клуб салғызудың жолын таптым» деді. «Қалай» дегенімізде «газетке жазамын, қашан салынғанша жаза беремін» деді.Ол дегенін істеді... істетті де... Ауыл пошташысы Құралбек Бекшебаев көкеміздің Сәрсенбекке берген 1 сом, 40 тиын қаламақысына алынған пірәндікке (пряник) бір тойғанымыз әлі есімде. Сол ғимараттың игілігін ауыл тұрғындары әлі көріп келеді. Шет жағасын Сәрсенбек те көрді. Сәрсенбектің өнеріне бізден гөрі қанықтау қаламгер ағасы Есіркеп Шәдібекұлының «Өмір – қуаныш, ұрпақ – жұбаныш» кітабынан үзінді келтірейін: «Ақын ініміз Сәрсенбек Бекмұратұлы 40 жасқа толып, «Еңбекші» ауылындағы Мәдениет үйінде үлкен кездесу өтті. Жерлестері ат мінгізді. Тұлпардың үстінде толқып отырған ақынға қарасам, екі көзінен жас парлап тұр екен. Сәрсенбектің сондағы көз жасын туған жерін, елін қадірлеуден, сағынғаннан, аңсағаннан туған тектіліктің тебіренісі, сағыныштан туған жүрек толғанысы деп қабылдадық.

«...Ұлылық бауырыңда бар екенін,
Жаңа ұқтым, қасиетті бал мекенім.
Мен саған сағынышпен барған сайын,
Иіскеп топырағыңды тәу етемін», – деп арқалы ақын ініміздің тегін толғанбағанын сонда ұғындық. Селт еткен сезімді қағып алып, өлең деген құдіретті күшке айналдыратын, жүрегіңді тебірентіп, көңіліңді тербететін ақындарыңнан қалай айналмассың. Ақын өлеңінің құдіреті де осы сезімталдығында жатыр-ау...».
Небәрі 15 жастағы Сәрсенбектің клуб соққызуға жасаған табанды әрекетін ерлік десе де болғандай...
Оралсейіт ТӨРЕНИЯЗОВ,
қажы, зейнеткер