Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған жыл тоғысқанда

Туған жыл тоғысқанда


Өткен ғасырдың 1979-80 жылдары адал еңбегімнің арқасында есімім елге танылып, ауданға депутат болып сайланған кезім болатын. «Өскен өңірге» шақырып жатыр деген хабар жетіп редакцияға келсем, алдымнан шыққан Сәрсенбек: «Мақтасақ мақтайық Айтбаевты».
Сәпі: «бізде мақтаудан қалмайықшы»,
Тұрғанбек: «бәріміз мақтап-мақтап газетке жазайық»,
Алтай: «газетке жазудан еш кемде қылмайық».
Иә, мені төртеуі осылай қолпаштап бола бергенде марқұм Зәкім есіктен қарап:
– бұлардың шулап мақтап жатқандары кім десем Жұмекең екен ғой. Қалай жазсаңдарда газетке шығарамыз, – деп қайтадан ішке кіріп кетті.

– Ау, інілерім, төртеуің мақтап мені қошеметтеп газетке жазатын болдыңдар. Енді шақырғандағы жұмыстарыңды айтыңдар, – дедім. «Алдыңызда совхоздың қанша малы бар, қаншадан міндеттеме алдыңыз?» деп сауалдарын қойды. Совхоздың 580 саулығы бар. Міндеттемеге келетін болсақ, бірінші ферманың шопаны Өтеш Прекенов 1979 жылғы қорытынды жиында мені социалистік жарысқа шақырған болатын. Сонда өзінің 100 саулықтан 160 төлден алып, мал басын 99 пайыз аман сақтайтынын айтты. Мен орнымнан тұрып: Өтеке шақыруыңызды қабылдадым. Мен 170-тен төл алып, 100 пайыз аман сақтаймын деп жалпы жиынның қаулысына ендім. Арада апта өткенде ауданда кезекті сессия болды. Сессияда мен есеп беріп, міндеттемемді орындадым деп жігіттерді разы етіп қайтып кеттім. Мені марапаттау кезінде газетке жазған жоғарыда аттары аталған төрт арыс марқұм болды, жатқан жерлері жайлы топырақтары торқа болсын. Сәрсенбекке айтарым өмір жасы ұзақ болсын.

Ойымды менің, білетін түгел тыңдасын,
80-ге келіп, мекендеп жүрмін қыр басын.
Қызығып қарап, ақпарат елге таратқан,
Аудандық газет «Өскен өңір» құрдасым.

Жаңалық іздеп, оқитын едім күнде мен,
Мақала жазып, бөлісіп ойды үлгерем.
Жұмабек елге Жұмабек болып тұрғанда,
Өзіңмен құрдас екенмін қалай білмегем?
Асығасың жеткізуге жақсысын,
Тың тақырып жазып жүрсің бастысын.
80-жылда сені қазақ таныды,
Жақаевтағы Жұмабекпен жастысың.
80 жылда елге тиген пайдасы,
Оқырманың көп боп құрдас жайнашы.
80-жас торқалы тойың құтты болсын,
«Өскен өңір» ауданымның айнасы.

Жұмабек Айтбай,
Жақаев ауылы. 19 наурыз 2019 жыл.

21 наурыз 2019 ж. 1 050 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031