Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шегіртке мен қараторғайдың айқасы

Шегіртке мен қараторғайдың айқасы


1949 жыл болатын. сәске кезінде бір атты адам шауып
келіп, Қуат әкеме «Қуеке, біздің ауылды шегіртке басып қалды.
Сіздерге хабар беруге әдейі әкем жіберді. Біз ауыл болып жа-
былып, шегірткені еккен егінімізге қондырмай,
өлгенде-талғанда осылай қарай ұшырып
жібердік» деп әлгі келген адам кері қайтып
кетті. Ол жерден азанда бері қарай ұшса,
бесінде осы араға жетеді деп, осы арада отырған он
шақты үйдің адамдарын жинап, қуат әкем мынадай
тапсырма берді.
Әйтеуір темірді ұруға шамасы келетін ба-
ладан бастап кемпір-шал тегіс шегіртке кел-
ген кезде қолдарына шала ұстап, шегірткенің
астына қарай жүгіріңдер, балалар шелек бол-
сын, темір болсын даңғыратып жүгіріңдер
дейді. Шаңқай түс кезінде күнді басқан бұлт
секілді қаптап ұшып келе жатқан шегірткені
көрдік. Сонан отырған ауыл тайлы-таяғымен
тегіс шегірткемен айқасқа шықтық. Ағашты
өртеп, шала ұстаған адамдар әрі-бері жүгіріп,
шегірткенің қонуына мүмкіндік бермеді, ал,
балалар болса, әйтеуір дауысы шығатын
нәрсені даңғыратып, айқайлап, шулап, әрі-бері
жүгірумен болдық. Әңгіменің қысқасы, шегіртке
ауыл үстінен еккен егінімізге қонбай, осы бет-
ке қарай көтеріліп ұшып кетті. Үш-төрт күннен
кейін әпшем екеуміз ол кісі атпен, мен есекпен
базарға келе жатсақ Гигант колхозының ар
жағында үлкен канал болатын. Сол каналдың
біз келе жатқан беткейдегі жағасында Сартай
Маханбетованың жүгерісі болатын. Жүгерінің
біткен жерінде каналдың көпірі бар. Сол көпірге
жақындаған кезімізде жүгеріліктің үстімен
қаптап ұшып келе жатқан шегірткені көрдік.
Ойпырмай, мына жүгеріліктен дым қалмайтын
болды-ау, – деді әпкем. Көпірге жақындаған
кезімізде қайдан ұшып келгенін түсініксіз бір
топ қара торғай пайда болды. Ұшып келе
жатқан шегірткені көрген соң келген сияқты.
Ұшып келген бойда жүгеріге қонуға айналған
шегірткемен айқас басталды. Біз болсақ көпір
үстінде қапыда болып жатқан оқиғаның куәсі
болып тұрған
кезімізде, көпірдің
оң жақ бетінде
үлкен құм болатын. Сол құмды жағалай
отырған балықшы кол-
хоз деген 30 шақты үй
болатын. Сол ауылдың
а д а м д а р ы м е н б а л а л а р ы
жүгіріп келіп, болып жатқан оқиғаны көріп,
айқайлап, қолдарына шала ұстап, арылы-берілі
жүгірді. Қарап тұрсақ, шегірткеден бөлек қара
торғайлар да жерге домалап түсіп жатыр.
Мына торғайдан дым қоймайтын болды ау деді
біреу. Ал, аспаннан өліп түскен шегірткеден
жер көрінбейді. Ә, бәлем, жүгері жегің кел-
ген екен, жүгері емес топырақ же деп жатыр
біреулер. Сиреген қараторғайлар қайтадан
көбейіп, айқас қыза түсті. Сөйтсек, су бар
жерде қараторғайлар шегірткеден жеңілмейді
екен. Себебі, шегірткенің сілекейінен қанаттары
жабысқан қараторғайлар төменде толып ағып
жатқан суға сүңгіп-сүңгіп шығып, шегірткенің
бастарын қыйып, қанаттарын қыйып өлтіре
береді екен. Жиналған адамдардың айтқан
әңгімелері оларда бұрын өткен кісілерден
естіген болар суы бар жерге шегірткеден
қараторғай жеңілмейді. Егер су жоқ болса,
шегіртке жеңеді екен деп жұрт тарасты. Си-
реген шегірткелер бет алды ұшып кетті. Ал,
қараторғайлар болса, топ-топ суға сүңгіп қанат-
құйрықтарындағы суды шашыратып, сілкіп,
топтанып барып, бір топ жидеге қонды. Біз де
өз жөнімізге кеттік.
Осы болған оқиғаны көзіммен көрген соң
көп жыл өтсе де газетке жазуыма тура келді.
Себебі, қазір адамдардың досы сондай қаптаған
бәледен егінді қорғаған қараторғай қайда,
ағайын? Жер қайысқан бетбақ даланың көркі
және Алланың бізге берген байлығын ақбөкенді
құртқан сияқты қараторғайды да құрттық па???
Болған оқиғаны көрген соң жаздым. Мен
мол кезде 10 жаста едім. Ол кезде мен қазіргінің
10 жасар баласы емес тұғынмын.
Жұмабек Әлтайұлы,
Жақаев ауылы
08 қыркүйек 2018 ж. 2 154 0