Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕНЕ мен КЕЛІН жайлы аңыз

ЕНЕ мен КЕЛІН жайлы аңыз


Бір жас қыз тұрмысқа шығып, күйеуінің ата-анасымен бірге өмір сүріпті. Ол енесінің сөздерін көтере алмай, онымен тіл табыса алмапты. 
Сабыры таусылып, ашуланған келіні енесінен құтылмақ болыпты. Ол шөп сататын саудагерге барып:
- Мен енеммен артық өмір сүре алмаймын. Ол мені есімнен адастырады. Маған көмектесе аласыз ба?! Ол үшін мен жақсы ақша төлеймін?! - деді.
- Мен не істеуім керек? - деп сұрады шөп сатушы.
- Маған у сатыңыз. Мен сол арқылы енемнен құтыламын, - деп жауап берді келін.
Ұзақ ойланып болған соң шөп сатушы былай деді:
- Жарайды. Бірақ сен екі нәрсені орындауың керек. Біріншісі - сен енеңді бірден өлтіре алмайсың. Бәрі сенен күдіктенеді. Сондықтан мен бірте-бірте өлтіретін у беремін, оны күн сайын енеңнің тамағына қосып бересің. Екіншісі - жұрттың көңілінде күдік болмауы үшін сен енеңнің айтқанын істеп, оны құрметтеп, жақсы қарауың керек. Сонда ешкім сенен күдіктенбейді.
Қыз келісіп, күн сайын шөпті енесінің тамағына қосып бере бастады. Ол енесінің көңіліне қарап, айтқанын жасап жүрді. Сондықтан оны енесі туған қызындай жақсы көріп кетті. Оны көршілеріне мақтап, ондай келіннің ешкімде жоқ екенін айта бастады.
Жарты жылда екеуінің арасы анасы мен қызының арасындай жақын болып кетті. Енді қыз өкіне бастады. Ол шөп сатушыға келіп:
- Өтінемін сізден, енемді мен берген удан құтқарыңызшы. Ол ең жақсы ене, мен оны өлтіргім келмейді, - деді. 
- Уайымдама, мен саған ешқандай да у берген жоқпын. Менің бергенім жәй дәмдеуіш. У - сенің басыңдағы ойлар еді. Ал сен одан құтылыпсың, - деді саудагер.
Ақжүніс Төлешованың парақшасынан
19 маусым 2018 ж. 5 330 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930