ЖЕРЛЕСІМІЗ СӘРСЕНБЕК БЕКМҰРАТҰЛЫ «ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЙРАТКЕРІ»
Жуырда оңтүстік астанада «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен Алматы облыстық «Жетісу» газетінің 100 жылдық мерейтойына байланысты салтанат өткізілді. Іс-шараға «President & Halyq» газеті мен «Қазақстан патриоты» журналы демеушілік көрсетті. Бас қосуда «Жетісу» газетінде әр жылдарда қызмет еткен бір топ газет ардагерлеріне Қоғамдық атақтар мен марапаттар жөніндегі Республикалық Кеңес тағайындаған «Қазақ журналистикасының қайраткері» құрметті атағы тапсырылды. Сол ерен жүйріктердің қатарында жерлесіміз Сәрсенбек Бекмұратұлы да бар.
Жиырма жылға жуық өмірін «Өскен өңір» газетіне арнаған Қазақстанның Құрметті журналисі Сәрсенбек Бекмұратұлын құрметті атағымен және мерейлі медалімен біз де құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз!
«Өскен өңірліктер».