Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СӘРСЕНБЕК БЕКМҰРАТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

СӘРСЕНБЕК БЕКМҰРАТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ


Бүгін Шиелі ауданының түлегі, қаламы қарымды жазушы, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Жазушылар, Журналистер одағының мүшесі, Сыр елінің сыршыл ақыны Сәрсенбек Бекмұратұлының шығармашылығына арналған «Сағындырған поэзия» атты кездесу кеші болып өтті.

Ақынды ауылдас ағайын қай жерде болмасын құшақ жайып қарсы алып, зор ілтипат көрсетті. Сыр менен жырға толы кештерде Сәрсенбек Бекмұратұлының өлеңдері оқылып, өмірінен, шығармашылығынан қойылымдар көрсетіліп, ол әдеби-сазды бағдарламаларға ұласты. Сәрсенбек ақынмен бірге оның өмірде тапқан достары, шығармашылық тығыз байланыстағы адамдар, ағайын-туыстары болды. 
Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, туған елге, жерге адал қызмет етіп, жүрегі халқы үшін соғып, саналы өмірін еліне арнаған, елдің мерей-мәртебесін арттырған ақын Сәрсенбек Бекмұратұлына сый-сиапатын тапсырды.
Шиелі Ауданы Әкімдігі фейсбук парақшасынан
18 ақпан 2018 ж. 1 205 0