Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Індетпен күресудің жалғыз жолы

Індетпен күресудің жалғыз жолы


Дүниежүзін жайлаған індеттің кесірі орасан зор. Қай жағынан алып қарасақ та зардабын тигізіп, адамның өмірін үрейге толтырып қойды. «Сары» аймаққа енуіміз тіпті қорқынышты.
Бүкіл әлемді әбігерге салған коронавирус індеті біздің ауданымызда да күн санап көбеймесе, азаймай тұр. Жыл басынан бері «Спутник V» вакцинасы туралы айтылып, Қарағанды қаласында өндіріліп, жаппай екпе салу жүргізіледі дегенді естіп жүрміз. Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Себебі үйге де, ұжымға да иммундық қорғаныс керек. Үйден шықпай отыру мүмкін емес. Тіршілік тоқтамайды. Екпе болмаса бұл індет те өршуін тоқтатпайды. Отбасымды, жақындарымды, достарым мен жұмыс орнымды ойлап, оларға зиян келтірмеу үшін мен екпе салдырдым.
Аталған вакцина індетке қарсы иммундық жүйе қалыптастырады. Бұл вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі кли­никалық тұрғыда тексеріліп, дә­лел­­денген. Сондықтан, сіздерді де екпе салдыруға шақырамын. Жалпы, мемле­кеттің басты қайнар көзі – халық және оның денсаулығы. Осыған орай, адамзаттың антикөрсеткішін қалып­тастыруға жасалған екпені алу өзіңіз үшін де өзге үшін де маңызды.

Қанат Әлжанов,
жедел жәрдем аға жүргізушісі
19 сәуір 2021 ж. 708 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031