Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы
«1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина - пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакцинациялау шығындарының барлығын мемлекет көтереді. Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын», – деп жазды Президент Қ.Тоқаев Twitter әлеуметтік желісінде.
Тарихқа көз жүгіртсек, ғалымдар жұқпалы аурулардың туындау ықтималдығын бәсеңдететін екпені ойлап тапқанша ұзақ жыл ізденген. Алдымен шешекке қарсы екпенің қажет екенін айтып, дабыл қаққан қытайлар болса керек. Араға жүздеген жылдар салып, оған қарсы дәріні Ұлыбритания ғалымы ойлап тапқан. Нақтырақ айтсақ, 1796 жылы ағылшын дәрігері Эдвард Дженнер ғылыми айналымға «вакцинация» сөзін енгізіп, сиыр шешегіне қарсы екпе жасаған. Кейін желшешек, қызамық, қызылша, туберкулез сынды бас-аяғы 40-тан астам жұқпалы ауруға қарсы 100-ден аса екпе шығарылды. Ал 1978 жылы дүниежүзінде табиғи шешек ауруының көзі жойылды.

Ал бала кезінде алған екпелер өмір бойына инфекцияларға қарсы иммунитеттің негізін қалыптастырады. Бүгінгі таңда вакцинация заманауи медицинадағы үздік жетістіктердің бірі. Қазақстанда вакцинация жүргізудің вирустық В гепатитіне қарсы екпе егу енгізілген болатын. Міндетті вакцинациялау енгізілгенге дейін жылына тұрғындар арасындағы сырқаттанушылықтың шамамен 4 мыңға жуық жағдайы тіркелген. Қазіргі уақытта тек ересектер арасындағы бұл көрсеткіш 200 есеге дейін төмендеді, ал балалар арасында сырқаттану жағдайлары мүлде жоқ. ДДҰ бағалауы бойынша, иммундау нәтижесінде жыл сайын 2-3 миллионға дейін өлім жағдайларының алдын алуға мүмкіндік берді. Вакцинациялаудың нәтижесінде, қызылшадан болатын жыл сайынғы өлім-жітім саны әлем бойынша 3-7 млн бастап 100 мыңға дейін төмендеген. Бірақ, бұған қарамастан, кейбір тұрғындар жалпы профилактикалық шаралармен амалдап, өздерін және балаларын вакцинациялау қажеттілігінен күмәнданып, қорқады. Қазақстанда вакцинациямен қамтылудың үлкен көлеміне қарамастан, түрлі себептермен вакцинацияға келмейтін халықтың бөлігі бары жасырын емес. Бұл әрекет инфекциялық аурулардың таралуына әкеліп соғуы мүмкін. Дене шынықтыру, спорт, дұрыс тамақтану және т.б. иммунитетті көтеретіні анық, бірақ спецификалық инфекция қоздырғышынан үнемі қорғай алмайтынын дәрігерлер айтуда.
Осы секілді әлемге жайылған коронавирус індеті де өте жұқпалы қауіпті дерттің бірі. Бұл күнде бұлты сейілгенімен әлі де толық дауа табылмаған аурумен күресудің жалғыз жолы екпе салдыру. Республика көлемінде бастау алған вакцинациялау жұмысы Қызылорда облысында да жалғасын табуда. Әрине, ерікті түрде. Халыққа үлгі болып облыс әкімі Г.Әбдіқалықова бастаған екпе салдыру науқаны кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Бүгінгі таңда Сыр халқы жұқпалы дертке қарсы екпе салдыру үстінде. Вакцинациялау басталғалы 340-тан астам адамға, оның ішінде ерікті түрде 20 тұрғын екпе салдыруға келісім берген. Ал оның басым бөлігі ақ халаттылар. Айта кетейік Ресейден әкелінген 1000 доза вакцинаның 40 процентке жуығы қолданылды. Бір қуанарлығы екпе қабылдаған жандардың ешбірінен жанама әсер білінбеген. Қазіргі таңда 452 адам стационарда ем алса, 22 науқастың жағдайы әлі де ауыр. Сондықтан бетперде киіп, сақтық шараларына басымдық беруді ұмытпайық.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ