Жас өлкетанушылар форумы
Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында біртұтас ұлт болу үшін қоғамдық сананы жаңғырту, ол үшін халық санасына жалпыұлттық құндылықтарды тереңдету қажеттігін көрсеткен болатын.Осы мақсатта елімізде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жасалды. Бағдарлама қабылданған сәттен бастап бұл бағыттағы жұмыстар Шиелі өңірінде де қарқынды жүзеге асырылуда. Соның бірі ауданда алғаш рт ұйымдастырылған жас өлкетанушылар форумы.
Шара №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының тарих бірлесітігі мүшелерінің ұйымдастыруымен 8-10 сыныптарға арналған «Өлкетану» курсы негізінде өтті. Форумға қатысушылар өңірдегі тарихи ескерткіштер мен көне жәдігерлердің ел білмейтін тың тарихымен бөлісті. Жиынға облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Назгүл Асылбекова, аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Бекболат Әбуов, білім бөлімінің әдіскері Қанат Сырғабаев арнайы қатысты. Форумды №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы директорының міндетін атқарушы Қанат Әлімбетов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
–Ауданымызда алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Өлкетану» форумын өткізу көптен көкейімізде жүрген өзекті мәселенің бірі еді. өздеріңізге белгілі жақында ғана жарық көріп, мектеп оқушыларының қолына тиген, 5-7 сыныптарға арналған «Өлкетану» хрестоматиясында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздегі көптеген қасиетті орындар, салт-дәстүрлеріміз бен жөн-жоралғыларымыз және басқа да ұлттық құндылықтарымыз көрініс тапқан. Дегенмен әрбір адам, болашақ ұрпақ өзі туып өскен өлкенің тарихын, салт-дәстүрін санасына сіңіріп өсуі тиіс деп ойламын.
Бүгінде бұл бағытта көптеген игі шаралар қолға алынып, іске асырылуда. Соның бір мысалы, жыл басында өзім жұмыс жасайтын аудандық тарихи-өлкетану музейі мен білім бөлімі және кәсіпкерлік, туризм бөлімдерімен үш жақты меморандум жасап, аудна орталығындағы бірнеше мектеп оқушыларын Қызылорда-Түркістан облысы аумағындағы киелі орындарға туристік саяхатқа алып бардық. Көктем, жас айларында жсалған осындай саяхаттарда №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының ұстаздары мен оқушылары үлкен белсенділік танытты. Бүгінгі шараның дәл осы білім ордасында өтуі де кездейсоқтық емес, – деген өлкетанушы Бекболат Әбуов форумға қатысқан оқушыларға салтанатты түрде «Өлкетанушы» төсбелгілерін тарту етті.
Иә, 90 жылдан аса тарихы бар іргелі оқу ордасы білім саласындағы көптеген жаңашылдықтың бастамашысы боп жүргені анық. Соған қарай жаңашыл, тәжірибелі ұстаздар тәрбиелеген шәкірттердің де жетістіктері аз емес. Мәселен биылдың өзінде аталған білім шаңырағының 5 оқушысы облыс орталығындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне, 4 оқушы білім-инновация мектебіне қабылданса, 3 оқушы №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының білім грантының иегері атанды.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ