Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарих тереңіне үңілген күн

Тарих тереңіне үңілген күн

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының
«Өлкетану» базалық бағыты аясын-
да Ақмола облысының оқушылары
Сыр өңіріне келіп, жалпыұлттық және
облыстық тізімге енген киелі жерлер
мен облыстың көрікті жерлерін аралап
көрді.
Туристік шара «Қазақстанның киелі жерлерінің
географиясы» жобасы аясында ұйымдастырылған.
Экскурсияға Ақмола облысының әр ауданынан 70 бала
келіп, балғындар Қызылорда облысындағы тарихи-
мәдени ескерткіштермен танысып, киелі орындарда
болды. Ақмолалық балалар Қазақ хандығының аста-
насы болған Сығанақ қаласына аялдады. Ескі қала
Жаңақорған ауданындағы Сунақата ауылының ба-
тысында 1,5 шақырым жерде орналасқан. Сығанақ
қалашығымен танысты. Сығанақтың тарихы өзге құм
жұтқан қалалардың тарихынан ерекше. Заманында қала
ислам дінінің Арал жағалауында таралуына айрықша мәні
бар бірінші бекініс болған еді.
Оқушылар мұнан соң Шиелі ауданындағы Нартай
Бекежановтың мемориалдық өнер музейі мен
тарихи-өлкетану музейін аралап, тамашалады. Ба-
лаларды сергітіп түрлі ойын ойнатып, билетіп әдемі
көңіл-күй сыйлады. Кешкілік облыс орталығына ора-
лып, Қызылорда қаласындағы мұз айдыны кешенінде
мәнерлеп сырғанудан жас қызылордалықтардың өнерін
көріп, тамсана қол соқты. Өздері де коньки теуіп, мәдени
тынықты.
Кішкентай қонақтар шараның алғашқы күні
Қызылорда облыстық өлкетану музейі мен Ә.Тәжібаев
атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына бар-
ды. Бұған қоса, ұлттық ойын түрлерінен командалық сай-
ыстар мен интелектуалды байқаулар ұйымдастырылды.
Екінші күні Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата
мемориалдық кешеніне сапарлап, рухани-тарихи
мұрамен танысты. Бұл орын Қазақстанның киелі жерлері
картасына енген Қызылорда облысынан 12 нысанның бірі
болатын. Мұнан соң, балғындар Байқоңыр қаласындағы
көрікті жерлермен және жұлдызды қалашықтағы ғарыш
саласы музейін тамашалады.
Сарыарқа төсінен Сыр еліне сапарлап келген
қонақтарды құрметпен шығарып салды.
Жұлдызай Нұрғали.
08 қыркүйек 2018 ж. 1 360 0