Қарт, қария, ақсақал сөздерін естігенде көз алдыңызға әуелі аппақ сақалы абыройын арттырып, жүзін әжім торлаған, тұтас бір ауылдың жоқ-жітігін түгендеп, жыртығын жамап, азаматын атқа мінгізіп, айдынын асырып отырған жан елестейді. Ал егде тартып, бейнетінің зейнетін көрер шаққа келген әже болса, біздің...