ЗЕЙНЕТКЕРЛІК ЖАСҚА ТОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ПРОАКТИВТІ ҚЫЗМЕТ

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін екі айдан аз уақыт қалған қызметкер қажет болған жағдайда мемлекеттік органның және олардың ведомствалық бағынысты ұйымдарының кадр қызметіне көрсетілген құжаттарды, HR ENBEK-ке енгізі үшін құжаттарды ұсынады.
Кадр қызметінің қызметкері HR ENBEK-ке жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін Алгоритімнің 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардан қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізеді. Зейнетақы төлемдерін проактивті нысанда тағайындауға келісім беру мүмкіндігі туралы sms-хабарлама жіберіледі.Smsхабарламаға жауапты күту мерзімі sms-хабарлама жіберілген сәттен бастапе 3 жұмыс күннен аспайды.
Көрсетілетін қызметті алушыдан үш жұмыс күні ішінде жауап болмаған жағдайда, қызмет көрсету процесі проактивті нысанда аяқталады. 1414 нөмірі бойынша берілген Smsхабарламаға үлгіге сәйкес жауап жазылуы қажет.
Ғ.ЕМБЕРГЕНОВ
«Азаматтарға арналаған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ың Қызылорда облысы бойынша филиалының Шиелі аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бойынша бөлімінің басшысы.